25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Щи Жиңпиң мен Трамп өзара тығыз байланыс арнасын орнатады

17 Қаңтар 2025 21:34
- Жаңалықтар, Жаһан
Щи Жиңпиң мен Трамп өзара тығыз байланыс арнасын орнатады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕЙЖІҢ. 17 қаңтар. Бүгін Қытай көсемі Щи Жиңпиң мен АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесіп, өзара келісім жасасты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қытай төрағасы Щи Жиңпиң мен АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесіп, тұрақты сөйлесіп тұру үшін өзара стратегиялық байланыс каналын құруға келісті», – делінген хабарламада.

DW атап көрсеткендей, оқиға жайын Қытайдың орталық телеарнасы кеңінен баяндаған. Телеарна мәліметінше, байланыс каналы «екі елдің ортақ мүддесі қозғалатын негізгі мәселелерге қатысты» байланысты ұстап тұру үшін қажет.

Телеарнаның хабарлауынша, Щи Жиңпиң мен Дональд Трамп сөз арасында Украина дағдарысы мен Таяу Шығыстағы жағдайды да талқылаған.

«Олар Украина дағдарысы және Израиль-Палестина қақтығысы сияқты екі жақты алаңдаушылық тудыратын негізгі халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты», – деп хабарлады Қытайдың орталық телеарнасы.

Сондай-ақ, Қытай төрағасы Щи Жиңпиңнің АҚШ-тың жаңадан сайланған президентімен телефон арқылы сөйлесуі барысында Бейжің мен Уашингтон Қытай мен АҚШ-тың, сондай-ақ бүкіл әлемнің игілігі үшін серіктестік құрғалы отырғаны атап өтілді.

«Біз серіктес және дос болып, екі елдің және бүкіл әлемнің игілігі үшін өзара табысқа қол жеткізіп, бірге өркендей аламыз», – деп келтіреді телеарна Қытай басшысының сөзін.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Щи Жиңпиңмен телефон арқылы сөйлескенін өте жақсы нышан деп бағалап, Уашингтон мен Бейжің таяу болашақта көптеген мәселелерді бірлесіп шешеді деген үмітін білдірді.

«Мен жаңа ғана Қытай төрағасы Щи Жиңпиңмен сөйлестім. Әңгімелесу Қытай үшін де, АҚШ үшін де өте пайдалы болды. Біз дәл қазірден бастап көптеген мәселелерді бірге шешеміз деп ойлаймын. Біз сауда балансы, фентанил, TikTok және басқа да көптеген тақырыптарды талқыладық. Төраға Щи екеуміз әлемді бұдан  да гөрі бейбіт және қауіпсіз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деп жазды Трамп.

Таңбалар: байланысДональд ТрампШи Жиңпиң

Ұқсас мақалалар

Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты
Жаңалықтар

Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты

31.07.2026
WSJ: Трамп Путиннің соғыста жеңем деген уәдесінен шықпағанына ренжіді
Әлеумет

WSJ: Трамп Путиннің соғыста жеңем деген уәдесінен шықпағанына ренжіді

28.07.2026
Әлем Қытай мен Щиге АҚШ пен Трампқа қарағанда жылы қарай бастады
Әлеумет

Әлем Қытай мен Щиге АҚШ пен Трампқа қарағанда жылы қарай бастады

17.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist