Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Қызылордада мұғалім әйел кісі қолынан қаза тапты

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 қаңтар, Қызылорда қаласындағы орта мектептердің бірінде бастауыш сыныпқа сабақ беріп жүрген мұғалімнің қаза тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Qaz365.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресурс Қызылордадағы Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектеп ұжымы бастауыш сынып мұғалімі Анар Серікқызы Шәленованың кісі қолынан қаза тапты деген ақпарат тарағанын жазды.

Мектеп ұжымы қапияда көз жұмған әріптестерінің туған-туыстарына көңіл қосын білдірді.

«Марқұмның мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қазада сіздердің қайғыларыңызға шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл – бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш… Анар Серікқызы  тек әріптес қана емес, балаларына үлгілі ана, әріптестеріне мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азамат еді.  Марқұмның иманы саламат болып, артында қалған балаларына ұзақ ғұмыр берсін», – делінген мектептің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Таблоидтың жазуынша, Анардың соңында 4 және 8 жасар балалары жетім қалған.

Марқұмның қазасына байланысты күдік оның күйеуіне түсіп тұрған сияқты.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде, алайда Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат әзірге тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button