19 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әзербайжан президенті Мәскеуді өтіріктері үшін тас-талқан етті

29 Желтоқсан 2024 20:18
- Әлеумет, Жаңалықтар
Әзербайжан президенті Мәскеуді өтіріктері үшін тас-талқан етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БАКЫ. 29 желтоқсан. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ұшақ жанжалын бүркемелеуге тырысып баққан Кремль позициясын қатты сынап, өз талаптарын қойды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әзербайжан лидері Azerbaijan Airlines компаниясының ұшағын атқан Ресей басшылығының кінәнің бәрін басқаға жауып, істің аяғын бұлыңғырландырып жіберу үшін барын салғандарын аяусыз сынға алды.

Ильхам Әлиев мемлекеттік AzTV телеарнасына берген сұхбатында Грозныйға ұшып барған Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауына байланысты бірінші рет шындықты ашып айтты. Оның сөзінше, Ресей жауапкершілікті мойындаудың орнына әлдеқандай бір адам сенбес күдікті болжамдарды тықпалап, жұрттың бәрін ақымақ көріп отыр. Бұл тек екі ел арасындағы салқындықты күшейтіп, алшақтықты ұлғайта түседі.

Әлиев өз сөзінде лайнердің Ресей территориясында шабуылға тап болып, қатты бүліншілікке ұшырағанын қадап айтты. Бірінші соққы ұшақтың радиоэлектронды күрес құралына тиген, сондықтан әуе кемесін басқару мүмкін болмай қалған. Сосын ұшақ жерден бірнеше рет атқыланған, осыдан оның артқы жағына зақым келген.

Ресей кінәні басқаға аударғысы келеді

Әзербайжан лидері Ресей шенеуніктері алға тартып отырған газ баллонына қатысты «байкаларды» бірден жоққа шығарды.

«Ресейдің ресми құрылымдары қайдағы бір газ баллонының жарылысы жайлы болжам ұсынды. Осының өзі Ресей тарапының істі бүркемелеп жауып жіберуге әрекет ететінін көрсетті, бұл, әрине, ешкімге абырой әпермейтін тірлік»,– деді Әлиев.

Президент Ресейден өз кінәларын толық мойындауды, кінәлілерді түгел жауапқа тартуды және тиісті өтемақы төлеуді талап етті.

«Ресей тарапы, біріншіден, Әзербайжаннан кешірім сұрауы керек, екіншіден, кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылулары керек, үшіншіден, Әзербайжан мемлекетіне және зардап шеккен жолаушылар мен экипаж мүшелеріне өтемақы төлеуі керек», – деді ол.

Тарих қайталанады

Әзербайжан ұшағының атып түсірілуі Ресейдің қатысуымен бұдан бұрын жасалған осындай оқиғаны еріксіз еске түсіріп, жанды қайта жаралайды. Айталық, 2014 жылы Донбастың үстінен атып түсірілген Малайзияның Boeing лайнерінің MH17 рейсі тағы көз алдымызға келеді. Мұны да Кремль кезінде қасарысып мойындамаған, бар кінәні украиндар тарапына аудара салмақ болған. Бірақ өтіріктері өтпеді. Халықаралық қауымдастық көп жыл бойы мұны арнайы жіті зерттеп, ұшақты атып түсірген Ресейдің «Бук» зенит-ракета кешені екенін толық дәлелдеп шықты. Осыған байланысты үш кінәлі Гаага сотының үкімімен мәңгі түрмеде отыру жазасымен сырттай сотталды. Бұдан кейін Ресей мен Батыстың арасы біржола ажырап кетті.

Сол Мәскеу тағы да баяғы бетпақтық әрекетіне салып, кінәні украин дрондарына аудармақшы болып еді, оларынан түк шықпады, фюзелажды тесіп шыққан снарядтардың Ресейдің «Панцирь» зенит-ракета кешенінен атылғаны анықталды. Кремль осыны тез мойындап, істі оңтайлы шешудің орнына жолай Каспий теңізіне құлап, барлық айғақтарды өзімен бірге ала кетуі үшін ұшақты қазақтың Ақтау қаласына қарай айдап салды. Абырой болғанда, пилоттар асқан ерлік көрсетіп, ұшақты арғы бетке дейін алып өткізе алды. Осы әрекет Ресей жоспарының күл-талқанын шығарды.

Текетіреске әзірлік серті

Әлиевтің мәлімдемелері Бакудің апатқа көз жұма қарауға бармайтынын, істі ақырына дейін апаруға мүдделі екенін және халықаралық жариялылыққа ұмтылатынын көрсетеді. Ресейдің жанжалды насихат жолымен жаба салуға тырысушылығынан енді түк шықпайды, Бакының ұстанып отырған позициясы бұған тура келмейді.

Егер Ресей талаптарын орындамаса, Әзербайжан Мәскеуге жасалатын қысымды барынша күшейтуге, оның ішінде дипломатиялық және экономикалық шараларға баруға, сөйтіп, онымен текетірес жағдайын ұстануға дайын болып отыр.

Таңбалар: ӘзербайжанӘлиевРесейұшақ апаты

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist