Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Денсаулық пен бақуаттылықтың сайын сарапшысы

Nutrilite биологиялық белсенді қоспасының пайда болғанына– 90 жыл толды

Тікелей сатылым саласының атасы әрі денсаулық пен бақуаттылықтың сарапшысы іспетті Amway компаниясы Алматыда бірнеше айтулы датаны қатарынан атап өтсе, оның ішінде байырғы Nutrilite брендінің 90 жылдығы да бар. Бірнеше мерейтойды тарқатып айтар болсақ, компанияның Қазақстанға келгеніне – 10 жыл, Орталық Азияға кіргеніне – 1 жыл, Amway брендінің қаптасқанына 65 жыл толып отыр.

Қалай десек те, Global Data-2023 деректеріне сәйкес, Nutrilite – дәрумендер мен тағамға биологиялық белсенді қоспалар сатылымы саласындағы әлемдегі №1 бренд екендігі мойындалған. 1970 жылдан бері Nutrilite бренді Amway-дің бір бөлігі, қазіргі таңда да ғылымның үздік жетістіктері мен компанияның өмір сапасын жақсартуға деген талпынысын іске асырып отыр.

Қазіргі таңда Nutrilite өз өнімдеріне қосылатын өсімдіктердің басым бөлігін жекеменшік, сертификатталған органикалық фермаларында өсіретін әлемдегі жалғыз бренд (Amway Claims – GlobalData). Nutrilite компаниясын дәрумендер мен тағамдық қоспалар бойынша әлемдік көшбасшыға айналдырып отырған да осы. Сан жылдар бойы жүргізілген зерттеулердің, инновация мен денсаулыққа қаморлық жасауға деген талпыныстың нәтижесі.

Бүгінде Amway корпорациясы ауқымды базаға ие: 6 мың жекеменшің органикалық фермасы, 75 зертханасы, 850 астам ғалымы мен  750 астам патенті бар. Жыл сайын өнім сапасын қамтамасыз ету үшін 500 000 астам сынақ жүргізіледі.

Бір жағынан Amway – тек қана өнім шығармайды, адамдарды өз бизнесін құруға, денсаулығы мен жағдайын дұрыстауға шабыттандырып келеді. Дәл осы миссия бүкіл әлемнің жүздеген еліндегі 1 миллионнан астам Amway тәуелсіз кәсіпкерін бір мақсатқа жұмылдырып отыр.

Amway-дің табыс тарихына келсек, сонау 1949 жылдан бастау алады. Сол заманда Джей Ван Андел мен Ричард ДеВос Nutrilite брендіне делдалдық қызмет атқарған 10 жылда өз компаниясын құру жоспары қалыптасады. 1959 жылы 9 қарашада дос әрі іскерлік серіктестер АҚШ-тың Мичиган штатындағы Эйда қаласында өз компаниясын тіркейді.

Ал 1980 жылға қарай Amway тауар айналымы 1 миллиард доллардан асып, бұл оның дамуындағы маңызды кезеңге айналады. Сонымен биыл, 2024 жылы Amway 65 жылдығын атап өтті.  Қазір компанияны әкелерінің орнын басқан – Amway Corp президенті Даг ДеВос пен басқарма төрағасы Стив Ван Андел басқарып отыр.

Осылайша 2010 жылдары Amway жаһандық көшбасшылыққа қол жеткізіп, тікелей сатылым индустриясындағы №1 компанияға айналады. Компания 2020 жылдары компания көшбасшылығын жоғалтпай, өз миссиясына «Адамдарға бұрынғыдан да жақсырақ, бұрынғыдан да салауатты өмір сүруге көмектесеміз» деген маңызды ұстанымды қосты.

Сонымен Amway Қазақстан нарығына 10 жыл бұрын келді, биыл компания осы елеулі межені зор мақтанышпен атап өтті. Қазақстанда жұмыс істеген он жыл ішінде Amway Ақтау, Петропавл, Қарағанды, Ақтөбе, Астана, Алматы, Шымкент пен Қордайдағы сервис орталықтарын құрса, бұған қоса, өңірлдерде қоймалары, дүкендері, тапсырыс беру орындары жұмыс істеп тұр.

Қазір елімізде тәуелсіз кәсіпкер мәртебесіне ие 4 мыңнан астам серіктес тіркелген, оларға 123 миллион доллар сыйақы төленіп, елдің бюджетіне 20 миллиард теңге салық аударылды.

Биыл Amway Алматы қаласы білім басқармасының білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, жоғары сынып оқушыларына арналған «Денсаулық пен әл-ауқат – табысты болашақтың кепілі» курсын әзірлегенін айта кетуге болады.

Компания өз серіктестері мен кәсіпкерлерін жаттықтырушылар мен сарапшыларды шақыру арқылы оқытып, іс-шаралар мен онлайн оқу арқылы ауқымды біліммен қамтамасыз етеді. Компанияның оқуға баса назар аударатынын – «Астана медицина университеті» КЕАҚ-пен ынтымақтастықта Amway серіктестері үшін арнайы әзірленген «Бастапқы нутрициология» курстары айғақтайды. Тек 2024 жылы компанияның 2 мыңға жуық көшбасшысы СӨС саласы бойынша білім алды.

Компания бүкіл әлемдегі әйгілі ғылыми институттармен, ғалымдармен ынтымақтаса отырып, ғылым мен инновацияға инвестиция салуды жалғастырып жатыр. Мұндай тәсіл өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етіп, Amway-дің индустриядағы көшбасшылардың бірі ретіндегі ұстанымын нығайтады.

Бұл қағидатты Nutrilite-тің негізін қалаған Карл Ренборг енгізсе, бүгінде оның ісін баласы, Nutrilite Денсаулық институтын басқарып отырған Сэм Ренборг табысты жалғастырып отыр.

«Тікелей сатылым индустриясының көшбасшысы саналатын Amway әкемнің тауар көңілінен шыққан тұтынушы жақсы сатушыға айналады деген идеясынан туындады, сондықтан әкем оларды сатушылардың жеке тобын құруға ынталандыруды ұйғарды», – дейді бүгінде Сэм Ренборг.

Айнаш ЕСАЛИ

АЛМАТЫ

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button