18 Қазан, 21:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Британ армиясы Путиннің қоқан-лоққысына жауап берілетінін айтты

5 Желтоқсан 2024 22:03
- Жаңалықтар, Жаһан
Британ армиясы Путиннің қоқан-лоққысына жауап берілетінін айтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛОНДОН. 5 желтоқсан. Британия бас штабының басшысы РФ президенті Владимир Путинге НАТО-ға шабуыл жасалған жағдайда сұрапыл соққы алатынын жеткізді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей президенті Владимир Путиннің ядролық риторикасы және жаңа «Орешник» зымырандарының қыр көрсете қолданылуы Ұлыбритания бас штабының қатқыл реакциясына тап болды.

Біріккен Корольдік қорғаныс бас штабының басшысы адмирал Тони Радакин RUSI сараптамалық институтында оқыған дәрісі кезінде Ресейдің Ұлыбритания жасаған кез келген шабуылының сол заматында «тиісті жауап» алатынын баяндады.

Оның айтуынша, бұл мәлімдеме қазірдің өзінде Мәскеуге мәлім, сондықтан Путиннің енді Ұлыбританияға немесе НАТО-ға тікелей шабуыл жасауға батылы бару ықтималдылығы өте төмен.

Қазір ядролық қару күштерін тежеуде ұстауды жалғастыра берудің маңызы зор, бұл арсенал «Путинге де қатты ықпал жасайтын болады». Осылай деген адмирал Радакин Британия үкіметінің стратегиялық сүңгуір қайықтар мен зымырандарды күшейтуге айтарлықтай көп ақша бөлгенін, мұны Ресей тарапы өте жақсы білетінін баяндады.

«Соған қарамастан, елдің алдында тұрған міндеттерді «айқын бағалай» білу керек», – деп атап өтті Радакин. Ол әлем ядролық қаруы бар державалардың саны артатын «үшінші атом ғасырында» тұрғанын сөз етті. Атап айтқанда, оның айтуынша, Ресей, Қытай, Иран және Солтүстік Корея ядролық қару қорын көбейтіп келеді және оны одан әрі жалғастырады.

ЦРУ директоры Уильям Бернс АҚШ-тың қазір Путиннің 2022 жылы Украинаға ядролық қару қолдану мүмкіндігінің қандай екенін мұқият талдап жатқанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, Уашингтондағылар Кремльдің Украина қарулы күштерінің сәтті қарсы шабуылына байланысты осындай қадамға баруы мүмкін деп есептейді.

Таңбалар: БританияРесейядролық соққы

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist