Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Хорватияда үйлер 64,446 теңгеден сатылып жатыр

ЗАГРЕБ. 16 наурыз. Хорватиянның Леград қаласының билігі жұртқа үй мен жер телімдерін 1 кунадан жаппай сатуды бастады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Ескертіп қояйық, 1 хорват кунасы – 64,466 теңгеге, 11 Ресей рубліне тең.

Hrvatska radiotelevizija-ның хабарлауынша, ықтимал сатып алушының жасы 40-тан жас болуы керек және келісім жасалғаннан кейін қалада кемінде 15 жыл тұруға тиіс. Жергілікті билік жылжымайтын мүлікті сатып алғысы келетіндерге 35 мың хорват кунасына (2 208 766 теңге) дейін субсидия бермекші және жүргізілген жөндеу жұмыстарын 25 мың кунаға (1 595 092 теңге) дейін өтеп бермекші.

Леград қаласының мэрі Иван Саболичтің айтуынша, қалада жұмыссыздықтың деңгейі төмен, сондықтан билік жұмыс күштерін көбірек тартуға шешім қабылдаған. Ол қаладан үй сатып алуға тілек білдіргендер қазір Хорватияның барлық аймақтарынан, сондай-ақ Словения мен Босниядан түсіп жатқанын атап өтті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button