Бапкер Мырзағали Айтжановқа шапан жабылып, сый-сияпат берілді
АЛМАТЫ. 22 тамыз. Қазақстан бокс федерациясы республиканың еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті. Бұл туралы Halyq Uni ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Осылайша кеше бокстан Қазақстан құрамасының бұған дейінгі бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановты шығарып салу рәсімі жасалды.
Шара барысында майталман маманның иығына шапан жабылып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.
«Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз», – деді Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасынан кейін бас жаттықтырушы командадағы 10 маманның бірі болып қызметінен босатылған еді.