Ресей пабликтері Путиннің Қадыровты не үшін сөккенін баяндады
ГРОЗНЫЙ. 21 тамыз. РФ президенті Владимир Путин Грозныйға барып, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен кездесті. Бұл туралы DonPress ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресейдің «Кремлевская табакерка» ресурсы Кремль қожайынының шешен құрбашысымен не жайында сөйлескеніне тоқталады. Ол Президент аппаратынан алған деректеріне сүйеніп, Путиннің «Дон-донның» есебін тыңдап болып, өзін сөккенін баянлайды.
Арнаның мәнбесі екеудің оңаша әңгімелері барысында Курск облысындағы ахуалдың алдымен талқыланғанын алға тартады.
Осы жерде Ресей президенті шешен әскери құрылымының басшысы Апти Алаудиновтың соңғы мәлімдемелеріне наразы екенін ашық білдірді. Ол «аузына еге бола адамның бірдеңені басқара алатынына» сенбейтінін жеткізді. Осылайша, Владимир Путин бұған дейін Рамзан Кадыровтың өз орнына ұсынып жүрген қайраткерінің түкке тұрғысыз жан екенін емеурін танытты. Ол Алаудиновтың Шешенстанды басқаруға деген мүмкінлігінің «нөл» екенін аңғартты.
Ресей диктаторы сондай-ақ Рамзан Қадыровқа «Ахматтың» майдандағы ұрыс қимылдарына неғұрлым белсенді қатысу мүмкіндігі жайлы айтты. Осыған орай Кадыров майдандағы, атап айтқанда, Курск облысындағы жауынгерлердің санын көбейтуге уәде берді. Ол тағы 40 мың сарбаз шығара алатынын баяндады.
Тағы бір айтарлығы, Рамзан Қадыров «шефтің» ниетін байқағаннан кейін өзі таңдап жүрген «мұрагері» хақында қайта ләм-мим деп жақ ашпады.