Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Оннан астам талапкер оқуға жалған ҰБТ сертификатын тапсырған

АСТАНА. 23 шілде. Биыл мектеп бітірген түлектер арасында ҰБТ-ның жалған сертификаттарын  оқуға тапсырғандардың оншақты дерегі әшкере болды. Бұл туралы Ulysmedia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сертификаттарын қолдан жасау әрекеттері паш етілгені туралы мәлімдеме жасады.

«Биыл жалған ҰБТ сертификаттарын ұсыну жағдайы анықталды. Қазіргі уақытта грант конкурсына құжаттар қабылдануда және қабылдау комиссияларына жалған сертификаттар ұсыну бойынша 10-нан астам әрекет тіркелген», – делінген хабарламада.

Ал орталық өкілдері ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін алға тартады.

«Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ, ҰБТ сертификаты ресми құжат болып табылады және оны қолдан жасау ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», – дейді олар.

Ұлттық тестілеу орталығы сертификаттарды қолдан жасауға тырысудың барлық жағдайы тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданатынын ескертті.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button