Бұрынғы президенттің інісі Болаттың 15 баласы мұраға таласып жатыр
АЛМАТЫ. 2 шілде. Байырғы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болаттың кіндігінен өрген 15 жұрағат әкелерінің мол мұрасынан үмітті болып отыр. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Порталдың жазуынша, кезінде «Жетісу облысының егесі» атанған Болат Назарбаевтың туғандары сапынан 15 ұрпақ марқұм әкелерінің зорлық-зомбылықпен жинап алған мұрасы үшін күресті бастап кеткенге ұқсайды.
«Болат Назарбаевтың 2023 жылғы 13 қарашадағы қазасынан кейін нотариус Б.К. Исабаев 2024 жылғы 3 қаңтарда № 1/2024 мұрагерлік істі ашқан», – деп жазады Bes Media.
Мына балалары мұрагерлік құқық жөнінде сұраныс жасаған:
Назарбаев Нұрбол Болатович, 1983 жылы 14 қарашада туған, мұра қалдырушының ұлы, өсиет бойынша мұрагерлік құқық куәлігін алу жайлы өтініш берген;
Назарбаева Динара Кемелхановна, 4 декабря 1986 жылғы 4 желтоқсанда туған, мұра қалдырушының жұбайы, бірлескен неке кезінде жиналған мүліктерді 1/2 үлесімен бөліске салу жайлы өтініш берген.
Заң бойынша міндетті мұрагерлік үлес алу жайлы өтініш берген балалары:
- Болатұлы Болатхан, 2012 жылы 7 ақпанда туған.
- Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 2021 жылғы 21 қыркүйекте туған.
- Назарбаева Еркежан Болатқызы, 2018 жылғы 18 мамырда туған.
- Назарбаев Елнұр Болатович, 2013 жылғы 19 тамызда туған.
- Назарбаев Болат Болатович, 2014 жылғы 17 қазанда туған.
- Назарбаев Акбар Болатович, 2016 жылғы 23 қарашада туған.
- Назарбаева Нұрбану Болатқызы, 2018 жылғы 9 шілдеде туған.
- Болатқызы Томирис, 2013 жылғы 30 шілдеде туған.
- Болатқызы Аруназ, 2016 жылғы 30 қаңтарда туған.
- Назарбаев Ханболат Болатұлы, 2002 жылғы 17 ақпанда туған.
- Назарбаева Альбина Болатқызы, 2003 жылғы 7 маусымда туған.
- Назарбаев Хантөре Болатұлы, 2018 жылғы 26 қаңтарда туған.
- Назарбаева Жанель Болатовна, 2010 жылғы 3 қарашада туған.
Болат Назарбаевтың мүліктерін бөліске салу біршама уақытты алады.