Ресейліктер Украинадан келген «соғыс ардагерлерін» ұрып өлтіріп жатыр
ИРКУТСК. 20 маусым. Ресейде жұрт «арнайы соғыс операциясына» барып келгендерді жек көретіндері сондай, сол соғыс ардагерлерін тепкілеп өлтіруді жиілетіп жіберді. Бұл туралы Денис Казанскийдің телеграм-арнасына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Украин журналисі Иркутск облысында кезекті төтенше жағдай орын алғанын, жергілікті жұрттың «арнайы соғыс операциясынан» келген соғыс ардагерін таяқтап өлтіргендерін баяндады.
Ресей территориясындағы жергілікті тұрғындар Украинадағы басқыншылық соғысқа қатысып қайтқан солдаттарды барынша жек көреді. Соның бір айғағы – соғыстан қайтқан жауынгерді жұрттың жабылып, таяқпен ұрып өлтіргені жайлы тағы бір хабар шықты. Оқиға Иркутск облысының территориясында орын алған.
Ал мұндай оқиғалар соңғы кездері жиі кездесуде. Оған себеп те бар. Соғыстан қайтқандардың біразы келе сала жергілікті тұрғындарға қарсы бұзақылыққа салынып, зорлық-зомбылыққа бас қойып жататыны өтірік емес. Олардың қолдарынан өлген адамдар мен балалар да жеткілікті.
«База» телеграм-арнасының хабарлауынша, күні кеше, мысалы, мынадай бір оқиға тіркелген. Кемер облысының Топки қаласында Карина есімді 12 жасар қыз кенет із-түзсіз жоғалыпр кетеді. Оны іздеуге волонтерлер қосылады. Ол жасөспірімнің өлі денесін қала орталығынан тауып алады. Тексере келгенде, оның зорлыққа ұшырағаны анықталады. Бұған күдікті ретінде Малый Корчуган деревнясының 49 жастағы тұрғыны Андрей Быков ұсталады. Ол биылғы қаңтар айында ғана соғыстан оралған екен. Ал майдан даласына түрмеден кеткен. Өзі 1991 жылдан бері абақтыдан көз ашпай келген. Соңғы ретінде бір әйелді басынан ауыр затпен ұрып өлтіргені үшін 3,5 жылға сотталыпты. Ал түрмеге түскеннен кейін соғысқа сұранған.