Қызылордада әріптесін өлтірді деген күдікпен мектеп мұғалімі ұсталды
ҚЫЗЫЛОРДА. 3 маусым. Қызылорда қаласында әріптесін пышақтап өлтірді деген күдік таңылған мектеп мұғалімі ұсталды. Бұл туралы «Адырна» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қызылордада дене шынықтыру пәні мұғалімін өлтірді деген күдікпен сол мектептің ұстазы ұсталды. Ақпаратты Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Желіде Қызылордада қала мектептерінің бірінің мұғалімі өз әріптесі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтіргені туралы ақпарат тарады.
Мәнбе мәліметіне қарағанда, 2 маусымға қараған түні екі кісі төбелесіп қалып, оның кезінде біреуі екіншісінің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Мұның ақыры 35 жастағы қала тұрғынының «жедел жәрдем» келгенше жантәсілім етуіне апарып соқтырған. Белгілі болғаны – олардың екеуі де дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері екен. Бірақ олардың қай мектептен екені айтылмайды. Сонымен бірге бір білім ошағынан ба, жоқ екеуі екі мектептен бе, ол жағы да белгісіз.
Полиция аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.
Ведомствоның мәліметінше, екі мұғалім де 31 мамырда еңбек демалысына шыққан.
Қазір қанды оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.