25 Тамыз, 17:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сотта екінші айыпталушы Бақытжан Байжановтың жауабы жағдайды өзгертті

11 Сәуір 2024 15:48
- Жаңалықтар
Сотта екінші айыпталушы Бақытжан Байжановтың жауабы жағдайды өзгертті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 11 сәуір. Кеше Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотында кісі өліміне қатысы бар деген айыппен қамалған екінші сотталушы Бақытжан Байжановтан жауап алынды. Бұл туралы Bugin.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бүгінг Астана қалалық сотында әйелін асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деп айыпталып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сотта Байжанов оқиға хақында өз білгендерін айтты.

Оған Қылмыстық кодекстің 432 (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) және 434-баптары (аса ауыр қылмысты хабарламау) айып тағылып отыр.

«Мен 33 жастамын, қарапайым отбасынан шыққанмын. Ата-анам, отбасым бар. Мен үшін олар да қатты уайымдап отыр. Балаларым түрме дегеннің не екенін білмейді. Мен уақытын бар мен клубта өткізетін адам емеспін. Жұмыстан үйге, үйден жұмысқа баратын адаммын. Мен негізінен Бишімбаевтың жеке шаруаларымен айналыстым. Ол менен он жасқа үлкен. Қуандықтың мінезі ауыр», – деді Байжанов.

Бұдан кейін айыпталушы қайғылы оқиға орын алған күн жөнінде сөз қозғады.

«8 қарашада жұмыстан үйге келдім, отбасымен кешкі ас іштік, кино қарадық. Мен енді сол күні не болғанының бәрін, шындықты айтамын. Шындықты анықтауға көмектескім келеді. 9-ы күні таңертең маған күзетші Данияр хабарласты. «Бишімбаев пен Салтанат машинаға отырып кетіп бара жатыр» деді. Ол мас болғандықтан, мен «кілтті алып ал» деп айттым. Олардың ұрыстарын, арасында жиhаздардың сынғанын көріп, үйреніп қалғанмын. Кейде Салтанаттың бетінен жарақаттарды байқайтынмын. Менде сынған жиhаздардың суреті мен оны жөндеген адамдардың телефондары сақталған», – деді Байжанов.

Ол бөлмеде отырған Салтанаттың басы төмен түсіп кеткенін де айтты.

«Бишімбаев хабарласып, маған «ресторанға кел» деді. Екінші қабатқа көтерілген кезімде, есікті тақылдаттым, есікті Бишімбаев ашты. Ол тек қара костюм киіп алыпты. Мен ол кезде үстелдің шетінде, киімсіз отырған Салтанатты көрдім. Сол кезде Салтанаттың басы төмен түсіп кеткенін байқадым. Бөлменің іші шашылып жатыр. Осы кезде мен Салтанатты соңғы рет көрдім. Бишімбаев маған «көрпеше әкел» деді. Мен ішке кірмей күттім», – деді сосын Байжанов.

Ол Салтанатпен әңгімелескені туралы сөз қозғады.

Бишімбаев тамыз айында Байжановқа пәтерден Салтанаттың заттарын алып кететінін айтқан. Бақытжан Салтанатқа есікті ашып, кеткеннен соң үйді кілттеп қалуы керек болған.

«Салтанат «осындай уақытта келемін, сіз үйде болыңыз» деп хабарласты. Мен үйде болдым. Салтанат келді. Екеуміз кездестік. Сол кезде Бишімбаев маған: «Салтанатпен ажырасып жатырмыз. Салтанат келеді, пәтерді ашып бер. Заттарын алады. Содан кейін пәтерді қайтадан кілттеп кетесің» деді. Салтанат содан кейін заттарын алып кеткен. Сотта Байжановтан Салтанат туралы сұрағалнда ол: «Салтанат маған өте жақсы қарайтын. Ұжымымызда бәрі оны айта алады. Салтанат өте тәрбиелі, жақсы қыз болды. Мен Салтанаттың жаман қылығын байқамадым. Ол көрген сайын менің жағдайымды, әйелімнің жағдайын, бала-шағамның жағдайын сұрайтын. Сондай керемет адам болды», – деді.

Бишімбаевтың інісінің сотқа берген жауабында прокурор бір жайтқа назар аударды. Атап айтқанда, ол сотталушы Байжановтың бұған дейін Бишімбаевтың өзіне қысым көрсеткенін айтқанын еске салды.

«Алдыңғы сот отырысында Бишімбаев сізге сот залында қысым көрсетіп жатыр деп айттыңыз. Осы туралы түсіндіре аласыз ба? Ол қандай қысым көрсетті?». – деп сұрады прокурор.

Сұрақтарға жауап берген сотталушы Байжанов ағасы тарапынан қысым көрсетілгенін растады. «Ол маған «жедел жәрдемді» бірге шақырғанымызды айт, әйтпесе. мен сені қарғаймын, балаларыңды, сенің басыңа да осындай жағдай түссін» деді», – деп түсіндірді Байжанов.

Таңбалар: Бақытжан БайжановБишімбаевсот отырысы

Ұқсас мақалалар

Сотталушы Бишімбаевтың неге қауіпті қылмыскер деп танылғаны айтылды
Жаңалықтар

Сотталушы Бишімбаевтың неге қауіпті қылмыскер деп танылғаны айтылды

13.05.2024
Сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов жазаларын қайда өтейді?
Әлеумет

Сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов жазаларын қайда өтейді?

13.05.2024
Қуандық Бишімбаев мен Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев мен Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты

13.05.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist