Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Бишімбаев ісі: Салтанат Нүкенова 6-8 сағатқа созылған азапта көз жұмған

АСТАНА. 4 сәуір. Бүгінгі сот отырысында кісі қолынан жантәсілім етті делінген Салтанат Нүкенованың 6-8 сағат азап шегіп барып үзілгені айтылды. Бұл туралы Nur.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әйелі Салтанат Нүкенованы айрықша қатыгездікпен өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот бүгін де жалғасты. Сотта марқұмның денесі жасалған сараптама нәтижелері оқылды.

Салтанат Амангелдіқызы Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ағасы Айтбек Амангелдінің адвокаттары көптеген жарақатпен өлтірілген марқұмның денесіне жасалған сараптама қорытындысын оқыды.

«Сыртқы жанасу жарақаттары қарастырылуда, соның бәрі жиналып, Салтанат Нүкенованың өліміне әкеп соққан жабық бас сүйек-ми жарақаты пайда болған. Тізімде келтірілген жарақаттар жәбірленушінің бас аймағына шамамен 12-13 рет қайталанған шок-травматикалық әсерге сәйкес келеді. Нүкенованың денесінің бас аймағынан анықталған дене жарақаттарының шектелген көлемі мен сипатын, жабық бас-ми жарақатына әкелген және өлімге апарып соқтырған жарақаттар кешенін ескере отырып, жарақат әкелген затта жанасу беті қатты, доғал заттардың параметрлері бар екендігі анықталды. Жұдырығын түйген қол және аяқ киім киген аяқ жарақат тудыратын заттар ретінде баламалы сипаттамаға ие. Осыған байланысты, Нүкенова алған жабық бас сүйек-ми жарақаты жұдырығы түйілген қол және аяқ киім киген аяқтан болғаны жоққа шығарылмайды», – деп оқыды жәбірленуші тараптың адвокаты.

Сараптама өлім уақыты туралы да қорытынды жасаған.

«Нүкенова бас сүйек-ми жарақатын алғаннан кейін шамамен 6-8 сағаттан соң қайтыс болды, бұл гистологиялық сараптама нәтижелерімен расталды. Тізімде келтірілген жарақаттар зардап шегушінің бас аймағына 12-13 рет қайталанған шок-травматикалық әсерге сәйкес келеді. Өлім бас миының қысылуынан, субдуральды гематомадан және жабық бас сүйек-ми жарақатының салдарынан пайда болған ісінуден орын алды», – делінген қорытындыда.

Сараптамада сонымен қатар мойындағы қанталаған және осы аймақтағы басқа жарақаттар мойынды қолмен қысудан туындауы мүмкін екені айтылады.

«Бас сүйек-миының зақымдануының массивтілігіне, оның зақымдануының диффузды сипатына, өмірлік маңызды функцияларды, тыныс алуды және қан айналымын реттеу орталықтары орналасқан бас миының діңіне қан құйылуына байланысты, жәбірленуші Нүкенова бас сүйек-ми жарақатын алғаннан кейін және травматикалық өзгерістердің түпкілікті көлемінің қалыптасуы жәбірленуші қарсылық көрсету немесе өзін-өзі қорғау қабілетінен айырған сананың және дене белсенділігінің айтарлықтай шектелу (кома) жағдайында болды», – деп қорытындыланады сараптама.

Осы қатыгездіктің пен зұлымдықтың салдарынан жақында Павлодар қаласында тағы бір бейкүнә бейіт пайда болды. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған жас келіншектің, Салтанат  Нүкенованың мүрдесі жатыр.

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев 1980 жылы 11 сәуірде Қызылорда қаласында туған.

Салтанат Амангелдіқызы Нүкенова 1992 жылы 15 мамырда Павлолар қаласында туған.

Аралары тура – 12 жас. Аз мөлшер емес. Бір мүшелдік кезең. Былайынша, бұл ерлі-зайыптылардың бірін-бірі қатты құрмет тұтып, сыйласып өмір сүрулеріне кепілдік бере алатындай мөлшердегі жас айырмашылығы. Бұл ер адамның отбасында үлкен тұлғаға айналып, құдай қосқан қосағына нағыз қамқор, пана, қорғаушы, ақылшы бола білуіне мүмкіндік беретін айтарлықтай артықшылық. Бірақ, өкінішке қарай, әйелі алдында нағыз ақылман дана болатындай шынайы шыптасы бар ер адам мұның орнына өзі әлі ата-анасының айналуынан шыға алмай жүрген шалдуар баланың кейпін танытты. Сөйтіп, ақыл-парасаты мынадай абыройсыз қапыл өлімге тікелей себепкер болуға ғана жетіп отыр.

Жатқан жерің жайлы болсын, Салтанат! Алла алдыңнан жарылқасын.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button