Желіде Бишімбаевтың барменге қоқан-лоққы жасаған видеосы тарады (видео)
АСТАНА. 23 наурыз. Желіде Қазақстанның экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мекемелердің бірінде барменді балағаттап жатқаны түсірілген видео жарияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Әлеуметтік желіде қолданушылардың көпшілігі Бишімбаевтың адамдарға деген осындай қатынасынан кейін билікке қалай келгеніне таңданып жатыр.
Видеода қазір «әйелін асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді» деген айыппен сотталғалы жатқан Қуандық Бишімбаевтың Астана қаласындағы барлардың бірінде барменді балағаттап, өзін қорқытып тұрған сәті бейнеленген.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаевқа азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылды. Экс-шенеунік 2023 жылғы 9 қарашада Астанадағы Bau ресторанында әйелін өлтірген.
Экс-министрдің ісін алқабилер қарайтын болды. Басты сот отырысы 27 наурызға белгіленген. Сот процесінде Бишімбаевтың өзі кінәсін мойындамады.
Ал әлеуметтік желіде осы күндері айыпталушының әкесі мен анасының «бізді біреулер монстр етіп көрсеткілері келеді» деген мазмұндағы жеке-жеке ренішті мәлімдемелері тарады.