19 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мемлекет басшысы бас прокурор Берік Асыловты қабылдап, тапсырмалар берді

15 Наурыз 2024 23:48
- Жаңалықтар, Құқық
Мемлекет басшысы бас прокурор Берік Асыловты қабылдап, тапсырмалар берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 15 наурыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше бас прокурор Берік Асыловты қабылдап, сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қабылдауда бас прокурор Президентке еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттарына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді. Онда құқықтық көмек көрсету және шетелде жасырынған қылмыскерлерді іздестіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың нәтижелері баяндалды. Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, сот төрелігін жүзеге асыру үшін Қазақстанға қайтарылғаны айтылды.

Бас прокурор сондай-ақ Мемлекет басшысына активтерді қайтару мәселесі бойынша БҰҰ ЕҚБ, Еуропа кеңесі, Интерпол, ЭЫДҰ және ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдармен өзара түсіністікке қол жеткізілгені хақында мәлімет берді.

Берік Асыловтың айтуынша, ел экономикасына 2,7 триллион теңге салған 220 инвесторға құқықтық көмек көрсетілген. Аталған жұмыстың нәтижесінде инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімі арта түсті. Кездесу барысында тікелей инвестиция тарту бойынша өңірлерде атқарылып жатқан істердің нақты мән-жайы қарастырылды.

Сонымен қатар Президентке еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық-құқық саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде заңдылықты одан әрі нығайту және азаматтарды, соның ішінде кәсіпкерлерді қылмыстық элементтерден қорғау шараларын қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларға қатысты уәкілетті органдардың шешімдері бойынша «прокурорлық сүзгіні» тиімді пайдалану маңызды екенін айтты. Осы орайда Президент аталған органдардың тартылатын инвестиция туралы деректерінің дұрыстығына бақылауды және жауапкершілікті күшейту қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтаруға бағытталған заманауи технологияларды кеңінен қолдану керек екенін атап өтті.

Таңбалар: Берік АсыловқабылдауҚасым-Жомарт Тоқаев

Ұқсас мақалалар

Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпы ұлттық идеологияға айналып келеді
Жаңалықтар

Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпы ұлттық идеологияға айналып келеді

17.10.2026
ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады
Жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

08.10.2026
Президент Қорғаныс министрлігінің үш басшысын орындарынан алды
Жаңалықтар

Президент Қорғаныс министрлігінің үш басшысын орындарынан алды

03.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist