Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Егер Одесса не Киев майдан шептері бұзылса, Франция Украинаға әскер жібереді

ПАРИЖ. 8 наурыз. РФ Одесса немесе Киев шептерінің бірін жарып өткен жағдайда Франция Украинаға өз әскерін жібереді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Франция коммунистік партиясының лидері Фабьен Руссель президент Эмманюэль Макронның партиялар жетекшілерімен кездесуі кезінде Украинаға әскер кіргізу сценариі талқыланғанын айтты.

L’Indépendant газетінің жазуынша, Франция президенті егер Одесса немесе Киев тарапына қарай майдан шебі бұзылатын болса, Украинаға әскер аттандыруы мүмкін екенін сөз еткен.

Мәтбұғат бұған басқа партиялардың өкілдерінің қалай қарап отырғанын да келтірді.

«Ешқандай шекара да, қызыл сызық болмасын», – деді «Ұлттық бірлестік» партиясынан Жордан Барделла.

«Мен мұнда көңілім алаң болып жеттім, ал кетерде бұдан да қатты алаңдап тұрдым», – деді «Бағынбас Франция» партиясының өкілі Мануэль Бомпар.

«Француз билігі қазір арнайы жасақ пен әскери бөлімшелерді Украина жеріне кіргізу мәселесін талқылап жатыр», – деп жазды Le Monde.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button