Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Назарбаев інісінің ұлы – Самат Әбіштің ісі құпия жағдайда сотқа жіберілді

АСТАНА. 19 ақпан. Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің ұлы Самат Әбіштің қылмыстық ісі сотқа аса құпия қалыпта жеткізілді. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мұның жайын CMN телеарнасының ресми сауалына жауап берген Астана сот әкімшілігі департаменті мәлімдеді. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың тете інісі – Сатыбалдының екінші ұлы Самат Әбішке қатысты тергеу амалдарының қорытындысы сотқа өте құпия түрде тапсырылғаны айтылған.

«Іс сотқа өте құпия түрде берілді. Осыған байланысты ақпарат кейінірек қолжетімді болған кезде берілетін болады», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, мұның алдында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button