25 Тамыз, 13:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Үкімет басшысы министрлерге салық саясатына қатысты нақты тапсырма берді

10 Ақпан 2024 22:37
- Жаңалықтар, Тіршілік
Amanat партиясы Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновті ұсынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 10 ақпан. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында салық саясатына байланысты маңызды мәлімдеме жасады. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Отырыс жаңа Премьер орынтағына отырғаннан кейін бір күннен соң, 7 ақпанда өтті. Онда Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелерін алға тартты.

Олжас Бектенов қаржы-экономикалық блок министрлерін тыңдап болғансын, бюджет шығыстары толығымен экономикалық табыс әкелуге бағытталып, өнімсіз шығыстар толығымен жойылуы керектігін атап өтті.

«Қаржы министрлігі 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқартуы тиіс. Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек», – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр сонымен қатар Салық кодексінің жобасын қайта жазып, оның философиясын өзгерту қажеттігін атап өтті.

«Сарапшылар мен бизнес қоғамдастықтарының пікірлерін ескеру қажет. Салық кодексі бизнестің белсенді болуына жағдай жасап, оны ұлғайтуға ынталандыруы керек», – деген пәрмен берді ол.

Олжас Бектеновтің айтуынша, құжатты дайындау кезінде әкімшілендіруді толық цифрландырып, салық жеңілдіктерін беру мәселесін реттеу қажет.

Жалпы Премьер-министр бизнеске фискалдық шығындар мен әкімшілік жүктемелерден қорықпай, «өсу» қағидаты бойынша жұмыс істеу үшін тиімді жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Үкімет басшысы өнеркәсіптік дамуға жаңа серпін беру үшін бірқатар нақты міндеттерді белгілеп, бірінші вице-премьер Роман Склярға 10 күн ішінде барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорны иелерімен, бірінші кезекте өндіруші салалардағы кәсіпорындармен келіссөздер жүргізуді тапсырды.

«Олар жақын арада жаңа жоғары дәрежеде өңдеу өндірістерін құрудың нақты жоспарларын ұсынулары керек», – деді Олжас Бектенов.

Бұл ретте Премьер-министр отандық өнеркәсіп саласындағы алпауыт кәсіпорындар қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды түбегейлі арттыруы тиіс екенін атап өтті. Олармен тиісті келісімдер жасалмақ.

Құрылыс саласының түйткілді мәселелерін талқылай отырып, Премьер-министр отандық өндірушілердің өнімдерін кеңінен қолданудың маңыздылығын атап өтті.

«Барлық сметалық құжаттарға қазақстандық құрылыс материалдары мен басқа да заттар енгізілуі тиіс. Сондай-ақ сметалық құжаттамаларға материалдар мен жұмыстардың құнын орынсыз жоғарылатып жіберуге қатысты тексеру жүргізіңіздер. Сметалардың құны көтеріліп кететіні баршаға мәлім. Бұл мәселеде де тәртіп орнату керек», – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындарды энергиямен сенімді түрде қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша биыл 700 МВт-тан астам қосымша генерацияны іске қосу қажет. Олжас Бектенов тапсырма орындалмаған жағдайда тиісті қорытындылар жасалатынын атап өтті.

Су ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты Премьер-Министр жауапты министрлікке экономика салаларында суды ұтымды тұтыну жөніндегі шаралар кешенін дайындауды, сондай-ақ су пайдалану мәдениетін енгізу жөніндегі жұмыстарды пысықтауды тапсырды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға қатысты Үкімет басшысы бір ай мерзімде жеке инвестициялар тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді талап етті.

«Ұсыныстар – бұл жалпылама көзқарастарды ғана емес, әлеуетті инвесторлары мен іске асыру мерзімдері бар нақты жобаларды білдіреді», – деп атап өтті Премьер-министр.

Әлеуметтік блок мәселелеріне тоқталған Олжас Бектенов ең алдымен МӘМС жүйесін реформалау қажеттігіне назар аударды.

«МӘМС жүйесі елеулі қайта форматтауды қажет етеді деп санаймын. Қаражатты тиімсіз жұмсау мен артық жалған тіркеулер бола тұра оны қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді. Сала толық цифрландыру мен ашықтықты талап етеді», – деді Премьер-министр.

Отырыс барысында Үкімет басшысы цифрлық трансформацияны жүргізу, көлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту, «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын іске асыру, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдау, мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін реформалау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

«Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз. Бізге өсу қарқынын тиімді ұлғайту, экономиканы әртараптандыруды белсендірек жүргізу, инвестиция тарту және барлық міндеттерді шешу үшін жеткілікті өкілеттіктер берілді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, формализм мен бюрократиялық сарсаңға салуды толығымен жоя отырып, стереотиптерден арылу қажет.

«Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуге тиіс, салалық мәселелерді өз деңгейінде жедел шешулері қажет. Жұмыс қарқыны жоғары, талап қатаң болатынын әркім түсінуі тиіс», – деп сөзін тиянақтады Премьер-министр.

Таңбалар: Олжас БектеновтапсырмаҮкімет отырысы

Ұқсас мақалалар

Бектенов: Ұлы Даланың сан ғасырлық тарихы жалғасы Конституция өресінде бекіді
Жаңалықтар

Бектенов: Ұлы Даланың сан ғасырлық тарихы жалғасы Конституция өресінде бекіді

19.06.2026
Мәскеу биржа нарығы Путиннің пәрмендерін орындаудан бас тартты
Дәулет

Мәскеу биржа нарығы Путиннің пәрмендерін орындаудан бас тартты

04.06.2026
Премьер Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды
Жаңалықтар

Премьер Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

08.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist