Динара Құлыбаеваның мүлкін тәркілеуге прокуратураның құзыреті жете ме?
АЛМАТЫ. 4 ақпан. Алматы прокуратурасы Динара Құлыбаева үшеудің бірі болып басқаратын Нұрсұлтан Назарбаев қорын сотқа берді. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Қазақстан-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) сатуды жарамсыз деп тануды талап етіп, «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорын сотқа берді», – делінген порталдың хабарламасында.
Прокурорлардың тұжырымынша, ҚМГ ұлттық компаниясы университетті Назарбаев қорына сатқанда, мемлекетке орасан зор көлемде шығын келген.
Республикалық мәтбұғатқа тарап кеткен дерекке қарағанда, қордың үш иесі бар. Олардың қатарына бұрынғы президенттің ортаншы қызы Динара Құлыбаева да кіреді.
ҚМГ Қазақстан-Британия университетін 2018 жылы аукцион арқылы бейінді емес актив ретінде сатқан. Оны Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры 11 миллиард 300 миллион теңгеге сатып алған. Бұл мәмілені жасау кезінде мемлекетке келтірілген шығын 11 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Кейбір мәнбелер университеттің сатып алу-сату шарты бойынша ҚБТУ екі жылға, яғни 2020 жылдың соңына дейін сатылмаған. Лекін енді Динара Құлыбаева мен басқа да қожайындар ЖОО-ны сата алады. Бәлкім, осы мәселе прокуратураның әрекетіне оның мәміледен бас тартуға және сол арқылы университетті ҚМГ меншігіне қайтаруға ұмтылуына себеп болуы мүмкін.
«Сонымен қатар, тура бір жыл бұрын, 2023 жылдың 7 ақпанында ҚБТУ-дың бас ғимаратын жалға алу мерзімі аяқталды. Оқу орны жерді мемлекеттен жалға алған. Алайда Алматы жер комиссиясы жалға беру мерзімін ұзартты ма, жоқ па, белгісіз», – деп жазады соңында Dalanews.kz порталы.
Сонымен, осы қитұрқылықтар үшін Динара Құлыбаевадан жауапкершілік сұрала ма?