Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Қанды Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қару-жарақтар табылды

АЛМАТЫ. 30 қаңтар. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

ҰҚК баспасөз қызметі хабарлағандай, комитет қызметкерлері қару-жарақ жасырылған жасырын қоймадан «Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды және басқа да атылатын қарулар, 5 граната, 10 түтіндету құтысын және әртүрлі калибрдегі 221 патрон тәркіледі.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны белгілі болып отыр.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүруде.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button