Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни радикалдардың серкелерін қолға түсірді
АСТАНА. 25 қаңтар. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бүгін, 2024 жылғы 25 қаңтарда діни радикалдардың ұсталғанын жария етті. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комиетінің қызметкерлері 2024 жылғы 20 және 24 қаңтар күндері прокуратура мен полиция органдарының жәрдем көрсетуімен Астана және Шымкент қалаларында, Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекеттерінің жолын кесу жөнінде арнайы операциялар өткізді.
«Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды». – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Енді олардың үстерінен Қылмыстық кодексің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.