Ален Делонның балаларына актерді өлтіруге әрекет етті деген айып тағылды
ПАРИЖ. 17 қаңтар. Француз актері Ален Делонды өз балалары қасақана өлтірмекші болды деген қауесет тарады. Бұл туралы Oxy.az дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Актер Ален Делонның балалары әкелерін қолдан өлтірмек болып әрекет жасады. Француз киносы жұлдызының бұрынғы серігі Хироми Роллен осындай мәлімдемемен прокуратураға шықты.
Ролленнің айтуынша, ол Делонмен бірге тұрған, сол кезде швейцариялық дәрігерлердің бақылауда ұстауы арқасында актердің денсаулық жағдайы тұрақты жақсы болған. Содан кейін әртістің балалары Хиромиді үйден кетуге мәжбүр еткен. Соның салдарынан Ален докторлармен алдын ала келісіліп қойған бірнеше кездесуге бара алмаған. Әйелдің прокуратураға жазған арызында осының бәрі жазылған.
Роллен осыған байланысты Делонның балаларын әкелерін емдеуді тоқтатып тастады деп айыптады. Ол бұған айғақ ретінде ағайынды Делондардың өз әпкелері Анушкамен жазысқан хаттарынан үзінді келтіреді. Онда актердің ұлы Энтони әкесінің химиялық терапиясын тоқтатуды ұсынады. Ол мұны «болмай қоймайтын нәрсені тездетеді» дегенмен түсіндіріп, қолдан жасалған шырындарды ғана ішкізіп тұрады.
Ролленнің хатында аты атап көрсетілмеген адвокаты Делон балаларының бұл әрекетін адам өлтіруге әрекет жасау деп бағалап отыр.