Мәскеу маңынан соң Нижний Новгород пен Екатеринбург үйлері жылусыз қалды
МӘСКЕУ. 9 қаңтар. Мәскеу облысындағы елді мекендерден кейін Нижний Новгород пен Екатеринбург қалаларындағы тұрғын үйлер де жылудан ажыратылды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Аязды қыс Ресейдің тұрғын үй-коммуналдық жүйесінің күйреуіне әкеліп соқтырды, осының салдарынан бүкіл ел бойынша жүздеген мың ресейлік жылусыз қалды.
Бірнеше елді мекенде 200-ден астам тұрғын үйді тастап кеткен Мәскеу облысынан кейін Нижний Новгород пен Екатеринбург тұрғындарының пәтерлеріне жылу беру тоқтатылды.
Негізінде, Нижний Новгородтың Канавин және Приокс аудандарында жылыту үзілістері 6 қаңтарда басталды.
Екатеринбургте жылыту 324 үйде, бес мектепте және екі балабақшада ізім-қайым болған. Ал Орал гидрометеорологиялық орталығының деректеріне сәйкес, сейсенбіде қаладағы ауа температурасы минус 19 градусты құраған.
Сонымен қатар, апатқа байланысты жылудан қағылған өңірлер арасында Примор өлкесі де бар. Онда 88 көп қабатты үйдің тұрғындары дірдек қағып отыр. «Қазандықтағы экономайзердің қоректік желісінің екпініне байланысты Верхне-Морой, Гагарин, Находкинский даңғылы, Лермонтов, Гончаров, Зои Космодемьянская көшелеріндегі үйлерді жылумен жабдықтау тоқтатылды», – деп хабарлады ТАСС.