18 Қазан, 23:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Аида Балаева: Маған салса, бәрін қазір-ақ 100 пайыз қазақшаға айналдырар едім

1 Желтоқсан 2023 18:48
- Жаңалықтар, Қоғам
Аида Балаева: Маған салса, бәрін қазір-ақ 100 пайыз қазақшаға айналдырар едім
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 1 желтоқсан. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ерік өзінде болса, елдегі қазақ контентінің мөлшерін 100 пайызға жеткізуге бейіл екенін баяндады. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ведомство басшысы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Масс-медиа туралы» заң жобасын таныстыру барысыда осылай деді. Ол депутат Қазыбек Иса мемлекеттік тілдегі хабарлардың санын 70 пайызға дейін көбейту туралы ұсынысына жауап берген кезінде өз ойын ірікпей білдірді.

«Қазақ халқының саны 70 пайыздан асып, қазақ тілді мектеп бітірушілердің гранты 70 пайызға жетті. Ал қазақ тілді You Tube арналардың жазылымы өзге тілдерге салыстырғанда, 10 есе көп. Бір ғана «Оян, қазақ!» фильмі рекорд жасап, миллиондаған қаралым жинады. Алайда қазақша оқымайтын қазақ Үкіметі қазақ тіліне деген талаптың өте жоғары екенін қайдан білсін?! Қазақ тілді хабарлардың бәрі ел жатып қалған түн жарымдарда көрсетіледі. Қазақтар түнімен ұйықтамайды деп ойлайсыздар ма? Бұл қазақша хабарлар 70 пайыздан кем болмай, ел көретін уақытта көрсетілуі тиіс. Бұл талапқа қалай қарайсыз?» – деді Қазыбек Иса.

Министр осыған орай елдегі БАҚ-тардың көбісі жекеменшік екенін назар аударып, оларға министрліктің араласуға құқы жоқ екенін алға тартты.

«Бүгінгі таңда 5459 бұқаралық ақпарат құралы ресми тіркелген болса, соның 90 пайызы жекеменшік. Сондықтан бизнес субъектілеріне жатады. Сол себепті Ұлттық экономика министрлігі арнайы сараптама жүргізуде. Соның нәтижесі шыққан соң, өздеріңізге айтатын боламыз. Ал қазақ контентін көбейтуге келсек, маған салса, бәрін 100 қазақша қылар едім», – дейді Аида Балаева.

Таңбалар: Аида БалаеваБАҚқазақ контенті

Ұқсас мақалалар

Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Жаңалықтар

Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

31.08.2026
Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты қияс пікірлер буллингке ұласып барады
Әлеумет

Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты қияс пікірлер буллингке ұласып барады

30.08.2026
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist