Түркия Нетаньяхуды геноцид жасады деп айыптап, Халықаралық сотқа берді
АНКАРА. 15 қараша. Түркия үкіметі Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың үстінен Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа талап-арыз жолдады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Анкара оны Газа секторында тұратын тұрғындарға геноцид жасады деп айыптайды.
Көлемі 23 беттен тұратын талап-арызды билік басындағы «Әділеттідік мен даму» партиясының адвокаттары Метин Кюлюнк, Мукахит Биринчи, Бурак Бекироглу жазып шықты. Құжат Түркия әділет министрлігі арқылы Халықаралық қылмыстық сотқа тапсырылды.
Кюлюнк Нетаньяхуды «XXI ғасырдың Гитлері» деп атап, оның ХАМАС жасаған шабуылдан кейін жазықсыз 1400 адамды өлтіртуін «адамзат баласына қарсы жасалған қылмыс» деп бағалады.
Сол сияқты Биринчи бұл талап-арыздың тек Нетаньяхуды ғана қамтымайтынын, сонымен қатар Газа секторында соңыс қылмысы мен геноцид ұйымдастыруға қатысы бар барлық адамдарды тартатынын айтты.
Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған 4 қараша күні ЦАХАЛ-дың (Израиль армиясы) анклавта жасап жатқан әрекеттері салдарынан Израиль премьер-министрімен байланыс жасауды, онымен сөйлесуді біржола тоқтататынын жариялаған болатын.
Бүгін таңертең ЦАХАЛ Газа секторындағы «Аш-Шифа» ауруханасына жойқын шабуыл бастады.