25 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанда Песковтың әйелі Навканың мұздағы шоуына тосқауыл қойылды

15 Қыркүйек 2023 21:25
- Жаңалықтар
Қазақстанда Песковтың әйелі Навканың мұздағы шоуына тосқауыл қойылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 15 қыркүйек. Қазақстанда РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың жұбайы Татьяна Навканың мұздағы шоуы өткізілмейтін болды. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Шахеризада махаббатының тарихы» деген атты шоу 23 желтоқсанда «Алматы Арена» мұз сарайы айдынында өтетін болып белгіленген еді.

Алматы қаласының әкімдігі «РИА Новости» тілшісіне шоуға билет сатудың тоқтатылғанын растады. Қала билігі шешімді шараны ұйымдастырушылардың өздері қабылдағандарын, оған муниципалитеттің концерт өткізу мәсеелесіне араласпайтынын жеткізді.

Қазақстанда бұған дейін РФ армиясының Украинаға басып кіруіне қолдау білдірген ресейлік әртістердің концерттері күн тәртібінен алынып тасталған болатын. Кеше, 14 қыркүйекте, мысалы, ұйымдастырушылар «Камызяки» командасының Алматы және Астана қалаларында 5 және 7 қазан күндері өтеді деп белгіленіп қойылған концертін алып тастауға мәжбүр болды. «Камызяки» ұжымы әртістерінің көпшілік алдындағы әрекеттеріне ашу-ыза білдірген қауымның кері байланысқа шығуына орай ұйымдастырушылар командасы топтың Қазақстан бойынша турын толық алып тастау жөнінде шешім қабылдады», – деп жазды сол концертті ұйымдастырушы Ольга Ли.

Бұдан бір апта алдын команданың екі әртісі, сайқымазақтар Азамат Мұсағалиев пен Денис Дорохов Донецк облысының Ресей басып алған бөлігіндегі «Саур-зират» мемориалында болған концертке қатысып қайтқан еді. Арада екі күн өткеннен кейін Қазақстанда «Камызяк» концертінің өтуіне тосқауыл қоюды талап еткен петицияға іске қосылды. Ол тәуліктен асқан шамада 19 мыңға жуық дауыс жинады, бұған қарсы болғандар саны мыңнан сәл ғана асты.

«Азамат Мұсағалиев өзі секілді сайқымазақ Нұрлан Сабуровпен бірге Ресейдің ТНТ федералды арнасында қазақ тілін мазақтаумен қоса, Денис Дороховпен және өзінің командасы «Камызякимен» бірге жақында Донецк облысының басып алынған территориясында өнер көрсетті», – делінген петиция мәтінінде.

Қазақстанда маусым айында ресейлік әнші Григорий Лепстің концерті алынып тасталды. Ол соның алдында Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда украинның Abrams және Leopard танктерінің атып түсірілген әрбірі үшін миллион рубль сыйақы беретінін мәлімдеген еді. Бұдан басқа, Ресейдің басқыншылығын қолдайтын әншілер Лариса Долина мен Полина Гагаринаның жеке концерттеріне, сондай-ақ актер Сергей Глушко («Тарзан») қатысатын бағдарламаға бұғау салынған болатын.

 

Таңбалар: АлматыконцертТатьяна Навкашоу

Ұқсас мақалалар

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады
Әлеумет

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады

22.08.2026
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026
Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist