Путин қаза тапқан солдаттың отбасына «Лада» орнына велосипед тапсырды
МӘСКЕУ. 16 тамыз. Ресейдің Саранск қаласынан соғысқа аттанып, украин жерінде жанын жаһаннамға тапсырған оккупанттың отбасы оның өтеуі ретінде велосипед алды. Бұл туралы ресейлік ресурстар дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Кеше әлеуметтік желіде соғыста опат болған басқыншы отағасының Саранскіде қалған отбасына Ресей билігінің «шайтан-арба» тапсырып тұрған сәті түсірілген видео тарады.
«Бұрын соғыстан «200-ші» жүк болып қайтқан мәйіттер мұрагерлеріне тапсырылып келген «Лада» жеңіл көлігі таусылып қалыпты-мыс. Енді марқұм оккупант әкенің ұрпақтары велосипед алып жатыр», – делінген хабарламада.
«Ресейліктер өздерінің «орыс әлеміне» қатысты армандарын жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Басқыншылық жорыққа қатысу үшін Украинаға аттанған кезекті оккупант жат жерде мәңгіге денацификацияға айналып, Саранскіде әйелі мен екі баласынан тұратын отбасын жесір және жетім етіп қалдырып кетті. Биылғы 15 тамызда Надежда Ермакова мағынасыз соғысқа қатысып, жер жастанып қалған путинист күйеуінің бірінші тапқан «пайдасы» ретінде биліктен велосипед алды»,– деп жазды таблоид одан әрі.