26 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қырғыз президенті шенеуніктерге қырғызша сөйлеуді міндеттеді

18 Шілде 2023 15:05
- Жаңалықтар, Құқық
Қырғыз президенті шенеуніктерге қырғызша сөйлеуді міндеттеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БІШКЕК. 18 шілде. Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерлердің бәріне қырғыз тілін білуді міндеттейтін заңға қол қойды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әңгіме депутаттар, әскери қызметкерлер, судьялар, адвокаттар, нотариустер, педагогика және ғылым қызметкерлері, сондай-ақ ұлттық банк, жоғары оқу орындары мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жайлы болып отыр.

Құжатқа сәйкес, қырғыз тілі мемлекеттік тіл ретінде мына салаларда міндетті түрде қолданыста болады:

– мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, меншік түрлерінің барлық пішініндегі кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметтерінде;

– сайлаулар мен реферандумдарды дайындау мен өткізу үдерісінде;

– сот ісінде, Қарулы күштерде, құқық қорғау органдарында;

– халықаралық келіссөздер жасасу кезінде;

– нормативті актілерді жасау кезінде, іс өндірісінде және құжат айналымында;

– географиялық атауларда және топономика нысандары аттарында, адамдар аттарында;

– тауарлар мен қызметтер туралы хабарламаларда;

– нотариалды кеңселерде, құжаттарды тіркеу кезінде;

– білім беру, ғылым, мәдениет салаларында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кітап басу ісінде, жарнамада, көлікте.

Бұдан бөлек, телерадиокомпаниялар, соның ішінде жекеменшік компаниялар хабарларының кем дегенде 60 пайызын мемлекеттік тілде жүргізуге міндетті, ал сайттардың қырғыз тіліндегі нұсқаларындағы ақпараттар басқа тілдердегі нұсқалардан кем болмауы тиіс.

Заң сондай-ақ шетел ұйымдарымен бірлескен компаниялардың атаулары транслитерациясын мемлекеттік тілде толтыруды міндеттейді.

Республиканың қырғыз тілін білмейтін азаматтарының мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жұмысы шектелуі мүмкін.

Ал басқа тілдер өз аясында дами береді, оларға ешкім тосқауыл қоймайды.

Конституцияға сәйкес, орыс тілі республикада ресми тіл болып қала береді. Әзірге.

Таңбалар: қызметҚырғызстанмемлекеттік тіл

Ұқсас мақалалар

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қызметінен кетті
Әлеумет

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қызметінен кетті

13.06.2026
Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
Жаңалықтар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды

03.06.2026
Қырғызстан Ресеймен сауда жасайтын ондаған компанияны жапты
Әлеумет

Қырғызстан Ресеймен сауда жасайтын ондаған компанияны жапты

22.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist