25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина әскерлері Мариуполь түбінде оккупанттардың быт-шытын шығарды

12 Шілде 2023 16:20
- Жаңалықтар, Жаһан
Украина әскерлері Мариуполь түбінде оккупанттардың быт-шытын шығарды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 12 шілде. Украина Қарулы күштері Донецк облысындағы Мариупольдің іргесінде РФ басқыншыларына қирата соққы берді. Бұл туралы «Диалог.ua» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Шамамен үш аптадай бұрын украин қорғаушылары Ресей оккупанттарының Донецк облысындағы Ялта кентінде орналасқан базаларының тас-талқанын шығарды.

Кейінірек Ресейдің курскілік ерлі-зайыпты Роман және Маргарита Кривцовтар есімді волонтерлары Мариуполь түбінде орыс армиясының қырылып қалғанын айтып берді. Оқиға 1 қаңтарға қараған түні орын алған. Украин әскерлерінің базаға берген дәл соққылары салдарынан жүздеген басқыншы жермен-жексен етілген.

Ал бұл жолы украин ракеталары Ялта кентіне дейін жетіп, осындағы мейманхананың ту-талақайын шығарған. Онда тек қана оккупанттар тұрып жатқан. Нәтижесінде «200-ші жүк» өте көп болған. Бірақ Ресей билігі мұны жасырып, сыртқа білдірмей қойған.

«Бұдан үш апта бұрын Мариупольдің іргесінде, терең тылда тұрған екі кенттегі біздің арнайы қызмет жауынгерлері орналасқан базаларға екі реттен ракетадан соққылар жасалды… Соққы нақты да дәл болды, сондықтан біздікілер өте көп қырғынға ұшырады. Алайда бұл жайында жазылған бірде-бір ақпарат көрмедім, әскери тілшілер де жұмған ауыздарын ашпады», – деді Роман Кривцов.

Бұрнағы күні Бахмут түбінде Саха (Якутия) республикасынан келген мыңға жуық қызметкер үш тәуліктің ішінде жуық опат болды. Украина Қарулы күштері Якутиядан келген 83-ші десантты-штурмды бригаданы қоршауға алып, үш күннің ішінде оның құрамының үштен бір бөлігін жойып жіберді. Бұл оқиға Путин қаза тапқандардың отбасы мен туған-туыстарына ұжымдық тұрғыда көңіл айтқаннан кейін белгілі болып қалды.

Бахмут түбіне ұрандатып, кернейлетіп барған «кадыровшылар» көп ұзамай ол жақтан тым-тырақай безіп, қашып шықты.

«Бахмут бағытындағы алдыңғы шепте тас-талқандары шыққаннан кейін «кадыровшылар» ол жерден алды-арттарына қарамай зытты», – деп жазды Украина Қарулы күштерінің майоры Максим Жорин 11 шілде күні.

Луганск облысы әскери әкімшілігінің бұрынғы басшысы Сергий Гайдай Украина армиясының мұнда нақты табыстары бар екенін айтты. Ол РФ-ның элиталы бөлімшелерінің өзі Луганск бағытындағы ұрыс даласынан қашып жатқанын жеткізді. «Бұл жерде қаннен-қаперсіз демалудың өзі қиын. Себебі, айналада оккупанттардың өлігінен аяқ басатын жер жоқ», – деді ол.

Таңбалар: БахмутоккупанттарУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist