Пригожин екі күндік үзілістен кейін мәлімдеме жасап, жарыққа шықты
МӘСКЕУ. 27 маусым. Ресейлік «Вагнер» жеке әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожин Ростовтан шегініп кеткесін екі тәуліктен кейін мәлімдеме жасады. Бұл туралы «Вёрстка» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Оның айтуынша, «жорықтың мақсаты «Вагнер» ЖӘК-тың жойылып кетуіне жол бермеу және өздерінің біліксіз іс-әреттерімен «арнайы соғыс операциясы» барысында орасан көп қателіктер жіберген барлық жауапты тұлғаларды жауапқа тарту» болған.
Пригожиннің айтуынша, «Вагнер» ЖӘК 30 маусымда қаруларын тапсырмақ болып отырған, бірақ 23 маусымда олардың лагерьлеріне ту сырттарынан соққы берілген, соның салдарынан 30-ға жуық адам қаза тапқан.
«Біз орыстың қанын төккіміз келген жоқ. Біз елдегі билікті құлату емес, өз қарсылығымызды көрсету үшін бардық»,– деді ол.
Пригожин жергілікті тұрғындардың «вагнерліктерді» көтеріңкі көңіл күймен қарсы алғандарын, себебі, олар бізге өз проблемаларын шешіп береді, соның ішінде жемқорлықты құртады деген үміт артты дегенді айтты. Ол өз әрекетінен жер бетінде зардап шеккен ешкім жоқ деді.
Дегенмен, бұған дейін әскери бүліктің салдарынан Ресей армиясының 20 шақты адамнан айрылып қалғаны мәлім болған еді. Бұған қоса, «вагнершілер» жоқ дегенде екі соғыс тікұшағы мен бір ұшақты жойып жіберді. Ал Flightbomber telegram-каналы жойылып кеткен тікұшақ санының алтау екенін айтады. Тек атып түсірілген бір ғана ұшақтың бортында 10 адам отырған.