17 Қазан, 22:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пригожин Ресейдің соғыстағы сәтсіздігінің себебін Путиннен көріп отыр

23 Маусым 2023 23:19
- Жаңалықтар, Тіршілік
Пригожин Ресейдің соғыстағы сәтсіздігінің себебін Путиннен көріп отыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 23 маусым. РФ-ның «Вагнер» жеке соғыс компаниясының құрылтайшысы Евгений Приножин Ресейдің соғыстағы сәтсіздігіне Путиннің өзін өзі оқшауландырып алғаны себепші болып тұр деп санайды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Атайлар алқынып қалды», – деді ол РФ президенті мен әскери басшылығын ишара етіп.

Пригожиннің пікірінше, Ресей үшін Украинаға басып кіру «сұмдық масқараға ұшыраудың» себебі болды, өйткені, РФ президенті Владимир Путин «арнайы операцияның бірінші күнінен өзін өзі оқшауландырып алды да, қорғаныс министрлігінің майдан даласындағы ұрыс қимылдары жөнінде шындықтың ауылынан алыс, тек қана нақты жағдай жөнінен алжастыратын жалған ақпаратына малданып отыра берді».

«Біздің елімізде қазір сол оқшаулану ахуалы әлі сақталып тұр, сондықтан шешім қабылдайтын тұлғалардан ешкім әлі күнге дейін бірге бас қосқан емес. Олардың бәрі бір-бірлерімен тек телефонмен сөйлеседі», – деді Пригожин.

«Музыканттар» басшысының айтуынша, соғыстың басында-ақ Ресей армиясының әлемдегі екінші күшті құрам емес екеніне жұрттың бәрінің көзі жеткен. «Бәрі әлдеқандай бір ғажайыптың бола қалуын күтті, әні-міне дегенше Варшаваға тастала қалатын тактикалық ядролық қаруға қарайлады. Бірақ оған бұлардың арттары тұрмады. Атайлар әлсіздік көрсетті, олар өздерінің жанға жайлы аймақтарынан шыға алмай қалды», – деп атап өтті ол.

«Қорғаныс министрлігі мен Кремльдегілер әлі де болса, соғыста жеңіп шығуға үміт артып отыр. Бірақ әскерді қалыпты жағдайдағыдай етіп басқара алмай тұрғанда, соғыста жеңіске жету мүмкін емес», – деп ағынан ақтарылды жалдамалы қарақшылардың басшысы. Сондықтан қорғаныс министрлігіне Путинді «өте мұқият түрде алдап тұруға» тура келеді.

«Президент ылғи шындыққа ешқандай сәйкес келмейтін баяндамалар алады. Күн тәртібіне екі мәселе шығарылады: оның біріншісі жердегі, екіншісі әуедегі соғыс қимылдары жөніндегі баянаттар түрінде президент үстелі үстінде жатады. Сол кезде біз 60 «Леопардтың», 3000 жау жауынгерінің жойылып кеткені жайлы ақпарды тыңдап тұрамыз», – деді Пригожин.

Ресей армиясының соғысу сапасында да мін көп. «Соғыстың алғашқы күндері Шойгу ресейлік мыңдаған солдаттың өмірін құртты. Олар армияның ең соғысуға қабілетті бөлігін жойып алды, ал соғысуға қабілеттілер өте аз еді», – деді сосын «Вагнер» басшысы.

Пригожиннің айтуынша, Украинаға қарсы бұл соғыс Шойгудың маршал атағы мен «батырдың жұлдызын» алуы үшін ғана керек болған. Бұл соғыс сондай-ақ «қазір іс жүзінде Ресейді билеп отырған олигархтар кланы» үшін қажет болған. Оның жоспарына Путиннің «құдасы» Виктор Медведчукті Украинаның президенті етіп тағайындау кірген.

Бүгін сонымен бірге Евгений Пригожиннің Ресей тергеу комитетіне Шойгу мен Герасимовтің үстінен арыз жазып, олардың соғыста солдаттарды көп қырып алудағы алатын орындарын тексеруді сұрағаны белгілі болды.

Таңбалар: Владимир ПутинЕвгений ПригожинсоғысШойгу

Ұқсас мақалалар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  
Жаңалықтар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  

12.09.2026
Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…
Жаңалықтар

Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…

05.09.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist