Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

ХОК Халықаралық бокс ассоциациясын мойындаудан бас тартты

ЛОЗАННА. 22 маусым. Халықаралық Олимпиялық комитет (ХОК) Халықаралық бокс ассоциациясын (IBA) мойындаудан айыру жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы vringe.com дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Халықаралық олимпиялық комитет (МОК) баяғыдан бері пісіп тұрған мәселе – Халықаралық боксшылар ассоциациясын (IBA) мойындаудан айыру жөніндегі шешімге келді», – делінген хабарламада.

Атқару комитетінің 69 мүшесі осыған орай тиісті қаулы қабылдауды қолдап дауыс берсе, бір адам қарсы шықты, тағы 10 адам қалыс қалды.

ХОК-тағылар сонымен бірге мұның Париждегі ОО-2024 және ЛосАнджелестегі ОО-2028 шеңберінде боксшылар турнирін өткізуге ешқандай кедергі келтіре алмайтынын жеке атап өтті.

Бұдан бұрын бокстың 2024 жылғы Олимпиялық ойындар бағдарламасынан алынып қалуы мүмкін екені айтылған еді.

IBA президенті, ресейлік Умар Кремлев 14 маусым күні ұйымның проблемалары тұтастай алғанда олимпиялық қозғалысқа қатысты емес, ХОК басшылығындағы бірқатар адамдарға байланысты туындап отырғанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ Халықаралық олимпиялық комитет жұмысында адалдық пен ашықтық бар екеніне күмән келтірді. Бұған қоса, комитетке ұйымның бұрынғы мүшесі Си Кей Ву дейтіннің қылмысын жасырды деген айып тақты.

Ал ХОК-тағылар Кремлевтің сөздерін құлақ асып, мән беруге тұрмайтын, жобаға соқпайтын жала ретінде қабылдады.

ХОК Халықаралық бокс ассоциациясының басшысы Кремлевті зорлық-зомбылыққа шақырды деп айыптады. IBA-ның ресейлік президенті ХОК-тың бұл ұйымды мойындауын қайтарып алғысы келетінін естігенде, қатты ашу шығарды. «Ол кімде-кім IBA-ның заңсыз әрекеттеріне белсенді түрде қарсы тұратын болса, мұндайлардың көзін құртып жіберуге болатынын талай мәрте мәлімдеді», – деген ақпар таратты ХОК сайты.

Сайтта Кремлевтің ұйымның бірқатар мүшелерінің тарапына қарата айтқан сөздері ХОК-та айыпталып жатқаны айтылады. Бұған қоса, IBA басшысы ХОК мүшелерінің көзін жойып жіберетіндерін мәлімдеп, өркениетті пікірталастарда кездеспейтін адамды қорлау лексикасын қолдануға жол береді.

Спорт арбтитражы 20 маусым күні IBA-ның ХОК шешіміне қатысты берген апелляциясын қабылдамай тастады. Бұл – IBA-ның спорт сотының шешіміне бірінші рет қарсылық білдіруі емес. Олар тіпті соттың ассоциация басшысын сайлауға қатысты шешімін де түкіріп қойып, Кремлевті жаңа мерзімге қайта сайлай салды. Ол сосын ресейлік боксшылардың бәрінен санкцияларын алып тастады да, украин атлеттеріне санкция сала қойды. Бұл аздай, IBA басшысы украин боксшыларына өз елдерінің туы астында жарысқа қатысуға тыйым сады. Соның нәтижесінде Украина жарыстан шығып кетті.

Халықаралық Олимпиялық комитет алғаш рет IBA-ны 2019 жылы мойындау мәртебесінен айырған болатын. Себебі, сол кезде ұйым қаржылай және басқарушылық дағдарысына ұшыраған еді. Сондықтан Лозанна ассоциациядан реформа жүргізуді талап етті.

Енді IBA мойындалу статусынан айырылғаннан кейін 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиялық ойындардағы бокс турнирін ұйымдастыру міндетін ХОК өзінің мойнына алады. Сондай-ақ 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиялық ойындар бағдарламасына әзірге боксы енгібей қоя тұруға шешім қабылданды.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button