25 Тамыз, 16:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресейлік әскери Бахмутта 5 қаруласын атып тастап, майданнан қашып кетті

15 Маусым 2023 18:10
- Жаңалықтар, Оқиға
Ресейлік әскери Бахмутта 5 қаруласын атып тастап, майданнан қашып кетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ДОНЕЦК. 15 маусым. Донецк облысындағы Бахмут қаласы түбінде қаруластарымен жанжалдасып қалған РФ әскери қызметкері оларды атып тастап, кетіп қалған. Бұл туралы ресейлік ресурстар ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Бахмут түбінде орын алған жанжалдан кейін ресейлік әскери бес әріптесін автоматпен атып, қара «Нива» көлігіне отырып, белгісіз бағытқа кетіп қалған», – делінген хабарламада.

Ресей армиясының жауынгері Роман Болдырев Бахмут түбінде автоматпен өзінің бес қаруласын баудай түсіріп, майдан даласынан қашып кетеді.

Оқиға дүйсенбі, 12 маусым күні орын алған. Алайда ол жөніндегі ақпар бүгін ғана белгілі болып жатыр. Болдырев өзімен сөзге келіп, жанжалдасып қалған бес офицерді табанда атып тастайды.

Ресей Telegram-каналдары оқиғаның жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Бахмут ауданы аумағында болғанын, сол жерде кіші сержант Болдыревтің полктастарымен болған ұрыс-керіс барысында таяқ жеп қалғанын атап өтеді. Бұған қатты ызаланған жауынгер олардан кек қайтаруға шешім қабылдайды. Сөйтіп, отты шепке (огневая позиция) барып, автомат алып оралады. Ол келе сала өзіне зәбір көрсеткендерге қарай автомат оғын себелейді.

Сол жерде бес қаруласын жер жастандырған кіші сержант қара түсті «Нива» көлігін айдап, белгісіз бір жаққа тартып кетеді.

Қазір РФ армиясы түгел дүрлігіп, Роман Болдыревті іздестіріп жатыр. Бірақ осы кезге дейін ол жөнінде еш сыбыс жоқ.

Таңбалар: БахмутқашқынРоман Болдырев

Ұқсас мақалалар

Ресей армиясында бүлік шықты: солдаттар әскер сапынан кетуде
Жаңалықтар

«Путиннің сарбаздары» Таиландта өз отандастарын кескілеп өлтірді

03.03.2026
Ресей армиясында бүлік шықты: солдаттар әскер сапынан кетуде
Жаңалықтар

Ресей армиясында бүлік шықты: солдаттар әскер сапынан кетуде

19.06.2025
Солтүстік Қазақстанда әскерге бара жатқан екі жігіт жолда қашып кетті
Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда әскерге бара жатқан екі жігіт жолда қашып кетті

02.05.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist