Полицей әріптесіне байқамай оқ атып, жазатайым өлтіріп алды
АЛМАТЫ. 5 маусым. Бүгін таңертең Алматыда полиция қызметкері әріптесіне қарай байқамай оқ атып алып, оның қапыл өліміне себепші болды. Бұл туралы Zakon.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Оқыс оқиға ішкі істер қызметкерлерінің қызмет орнында орын алған. Полицейлердің бірі автоматты алып жатқанда, ол кенеттен атылып кетіп, оғы жанында тұрған әріптесіне тиген сияқты.
Осыдан кейін полицей жарақат алып қалған. Оқ марқұмның басына тиген. Ол оқиға орнында қайтыс болған.
«Алматы қаласы департаменті 5 маусым күні полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын мәлімдеді», – делінген хабарламада.
Ведомство бұл дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін, тиісті сараптамалар тағайындалғанын жеткізді.