АҚШ-қа Ресейге қарсы трибунал құру бастамасын қолға алу ұсынылды
ВАШИНГТОН. 1 маусым. Америкалық сенаторлар Бен Кардин мен Тим Кейн АҚШ президенті Джо Байденді Ресейдің Украинадағы әрекетін айыптайтын «халықаралық трибунал құруды қолдауға» шақырды. Бұл туралы ТАСС дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Осыған сәйкес жазылған қарардың мәтіні сәрсенбі күні ұсынылды.
Кардин сайтындағы мәлімдемеде айтылғандай, олар Украинаға соғыс ашқан Ресей билігін айыптап, Ақ үй сол айыптауды БҰҰ Бас ассамблеясына өткізудің инициативасын өз қолына алуы керек деп есептейді.
«Сенат АҚШ-ты арнайы қылмыстық трибунал құрылуын қолдау және онда Украинаға қарсы соғысы санкцияланған Ресей Федерациясының басшылығын жауапқа тарту үшін өзінің халықаралық ұйымдардағы беделі мен дауысын пайдалануға шақырады», – делінген хабарламада.
Сенаторлар Халықаралық қылмыстық сотта тұтастай алғанда талап етілген заңнамалық күш болғанымен, ол «Украина да, Ресей Федерациясы да Рүм статусын ратификацияламағандықтан, Украинадағы оқиғаларды тексере алмайды деп түсіндірді.