Руханият

ХАНТАЛАПАЙ

Жыр жауһары

Тұлпар ізін басатын,

Тұрқы бөлек

тай қайда?

Жұлдыз көрсе қашатын,

Жарығы жоқ Ай қайда?

Бетегесі бүгілген,

Белес қайда,

бел қайда?

Жусанынан түңілген,

Жота қайда, жер қайда?

 

Тобылғысы түрленген,

Тоғай қайда,

қыр қайда?

Түрлі-түрлі түрге енген,

Жүректегі жыр қайда?

 

Қайда дейтін көп сұрақ!

Көзге тиген

дөп сұрақ!

Жаның шығып кетсе де,

Жауабы рас, жоқ сұрақ!

 

Қашан шығар екен-ай,

Ойда жүрген

от сұрақ?

От сұрақты көбейтіп,

Ойбай, Қазақ, отты жақ!

 

Құз басында қыран бар,

Қыран да өлмей

ұрандар.

Жағыңа кеп салады,

Жұмыртқасын жыландар!

Ал не етесің мұндайда?

 

Көнесің бе

ыңғайға?

Көнбеймін деп ыңғайға,

Күрт оянар күн қайда?

Тағалауға болады,

Есекті де,

атты да!

 

Кімді кімдер тонады?

Ал іздей бер, шапқыла!

Қайда қаңғып барады,

Басымдағы

бақ мына?

 

Ханталапай еттік-ау,

Хан отырған тақты да!

Құда-жекжат қылдық қой,

Қара негр

жатты да!

 

Қан сасыған суменен,

Суардық қой бақты да!

Елдің руhы

жоғалды,

Есікті тарс жапты да!

 

Жер астынан жік шықты,

Екі құлағы тік шықты!

Мың теңгелік

қоймадан,

Миллион тонна жүк шықты!

 

Ай, басым-ай, ай, басым!

Айбынды руh,

қайдасың?

Құрт-құмырсқа

қаптады,

Күрт ойлаған пайдасын!

 

Найзағай да

бұл күнгі,

Жерге түскен жай жасын!

Уаа-а, Тәңірім,

тірілтші –

Өліп барам, қайдасың?..

Аманкүл ПІШЕНБАЙҚЫЗЫ

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button