Мәскеуден келген ресейлік рейске грузиндер қарсылық білдірді
ТБИЛИСИ. 19 мамыр. Бүгін Ресей астанасынан ұшып келген жолаушылар лайнерін грузиндер наразылықпен қарсы алды. Бұл туралы «Новости-Грузия» хабарлайды.
«Соңғы төрт жылдан бері Мәскеук – Тбилиси бағытындағы тікелей рейс бірінші рет Шота Руставели әуежайына келіп қонды», – деп жазды агенттік.
Бүгін таңертеңнен аэропортты полиция өзінің бақылауына алды. Тәртіп сақшылары «Ресей кораблі бізді Еурроодаққа жеткізбейді» деген ұранның аясында жиналған наразылар шеруіне қатысушыларды залға қарай өткізбеді.
«Бәрі жақсы. Тек ұшақ кішкентай», – деп жауап берді Мәскеуден ұшып келген бірінші жолаушы тілшілер сұрақтарына.
Келушілердің көпшілігі журналистермен сөйлесуден бас тартты.
Полиция аэропорт ғимаратынан шығатын жолды жауып тастаған бірнеше адамды ұстап әкетті.
Грузия президенті Саломе Зурабишвили Twitter-де «Ресейден келетін рейске орын жоқ» деген хэштегпен жазба жариялады.
«Грузия халқының қарсылығына қарамастан, Ресей Тбилисиге біз қаламаған рейсті әкеліп қондырды», – деп жазды Зурабишвили. Ол Грузия үкіметінің позициясымен келіспей, Мәскеумен арада авиарейс орнатылуына үзілді-кесілді қарсы шыққан еді.
Грузия жұртшылығы екі ел арасында қайта жалғасқалы жатқан рейске наразылық көрсетіп, алғаш рет 16 мамыр күні шеруге шыққан болатын. Олар грузин билігінің авиарейсті қалпына келтіру жөніндегі шешімін құптамады.