Бокс. Әлем чемпионаты. Бүгін – финалдың бірінші күні
ТАШКЕНТ. 13 мамыр. Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалдық кезеңі де келіп жетті. Бүгін мында 6 салмақ дәрежесі бойынша алғашқы алтын медальдар сарапқа салынады. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
Чемпионаттың финалына шыққан 26 боксшының елдер арасындағы бөлінісі мынадай:
Өзбекстан – 7, Қазақстан – 5, Куба – 4, Ресей – 2, Франция – 2, Грузия – 1, Моңғолия – 1, Италия – 1, Бразилия – 1, Қытай – 1, Әзербайжан – 1.
Бүгін, 13 мамыр күні 51, 57, 63,5, 71, 80 және 92 келіге дейінгі салмақтардағы боксшылар чемпиондық атақ үшін шайқасады. Ертең, 14 мамырда 48, 54, 60, 67, 75, 86 келіге дейінгі және 92 келіден ауыр салмақтағы былғары қолғап шеберлері ақырғы айқасқа шығады.
Бүгінгі финалшыларды мына жұптар құрайды:
48 кг. Сахил Алахвердови (Грузия) – Санжар Тәшкенбай (Қазақстан)
67 кг. Дулат Бекбауов (Қазақстан) – Асадхуджа Муйинхуджаев (Өзбекстан)
60 кг. Фрисланди Алварес Боргес (Куба) – Софиян Оумиха (Франция)
75 кг. Уандерей Перрейра (Бразилия) – Йоенли Фелиси Эрнандес Мартинес (Куба)
51 кг. Билал Беннама (Франция) – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)
+92 кг. Алехандро Арзола Лопес Фернандес (Куба) – Баходир Жалолов (Өзбекстан).
Жекпе-жектер Астана уақыты бойынша сағат 17:55-те басталып, 20:30-да аяқталады.
Ертең, 14 мамырда ойналатын финалдағы жұптар былайша түзіліп отыр:
54 кг. Махмуд Сабырхан (Қазақстан) – Ойбек Жураев (Өзбекстан)
57 кг. Дел-Рей Сайдел Орта Родригес (Куба) – Абдумалик Халоков (Өзбекстан)
63,5 кг. Руслан Абдуллаев (Өзбекстан) – Чингзориг Батарсух (Моңғолия)
71 кг. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) – Саиджамшид Жафаров (Өзбекстан)
80 кг. Таңатқан Тоқтарбек (Қытай) – Нұрбек Оралбай (Қазақстан)
86 кг. Берто Алфонсо Домингес Лопес (Әзербайжан) – Шарабутдин Атаев (Ресей)
92 кг. Муслим Гаджимагомедов (Ресей) – Азез Аббас Моухидин (Италия).
Мұнда бірінші болып жазылғаны қызыл бұрышта тұрады. Боксшылар рингке осы реттері бойынша шығады.
Жекпе-жектер Астана уақыты бойынша сағат 17:55-те басталып, 20:45-те аяқталады.
Байқап отырған болсаңыздар, бірінші күннің кестесінде боксшылар өздерінің салмақтары реттеріне қарай берілмеген. Мұнда өзбектердің өз боксшыларының ыңғайларына қарай жасаған тағы бір қитұрқысы жатқан сияқты. Шамасы, Хасанбой Дусматовтың жағдайына орай кестені осылай жасағанға ұқсайды. Ал екінші күнгі кестесі өзінің бұрыннан келе жатқан тәртібіне сай құрастырылған.
Суретте: Санжар Тәшкенбай мен құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов