Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Малайзия «Боингін» пилоттың өзі жоқ қылып жіберген

КУАЛА-ЛУМПУР. 20 ақпан. Бұдан 6 жыл бұрын ұшып бара жатып, кенет жоқ болып кеткен Малайзияның «Боинг» MH370 ұшағы пилоттың өзін өзі өлімге қиюы нәтижесінде апатқа ұшыраған деген болжам айтылып отыр. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Мұндай әңгімені Австралияның бұрынғы премьер-министрі Тони Абботт бұрнағы күні «Sky News Australia» телеарнасында тікелей эфирде сөйлеген кезінде айтты. «Малайзия билігі әу басынан осындай ойда болған», деді ол өз сөзін нақтылай түскенде.

«Малайзия үкіметінің ұшар басында отырғандар пилоттың жұртты жаппай қырғынға ұшырату арқылы өзін өзі өлтіргені туралы ойға әу басынан келгендерінен анық хабардар еткен болатын», деп түсіндірді мұны апат болған кезде Австралия үкіметін басқарған Абботт. Бірақ мұндай ақпарды кімнен алғанын нақтылаған жоқ.

Абботт лайнер экипажының мүшелері мен жолаушылары арасында өздерінің азаматтары бар елдер ұшақтың жоғалып кетуі жағдайын мұқият тексерулері керек екенін атап көрсетті.

2019 жылы 19 маусымда пилот Захария Ахмад Шахтың жолаушыларды салонға оттегі жібермей қою арқылы өлтіргені белгілі болды. Сарапшылар анықтағандай, MH370 рейсінің пилоты осыдан кейін ұшақты қасақана бағытынан бұрып әкеткен. Бұған оны әйелінің өзін тастап кеткені негізгі себеп болған сияқты.

Бірақ Малайзия билігі лайнердің жоғалып кетуінің Захария Ахмад Шахтың кінәсінен болғаны туралы версияны ресми жариялаған жоқ…

2018 жылдың қазан айында Британияның тыңшы-әуесқойы Google карталарындағы спутниктен түсірілген суреттерден бір ұшақтың қирандысын көреді. Бұған дейін оны аталған Boeing әуе кемесі бойынша зерттеу жүргізіп жүрген австралиялық маман да байқапты. Бірақ кейін ұшақ көрсетілген жерде болмай шықты.

Малайзияның «Malaysia Airlines» әуе компаниясының 2014 жылғы наурызда Куала-Лумпурдан Бейжіңге қарай шыққан ұшағы кенет радардан жоғалып кетеді. Оның бортында 227 жолаушы және 12 экипаж мүшесі бар еді. 2015 жылғы қаңтарда ресми түрде олар қаза тапты деп жарияланды. Ал әуе кемесінің қаңқасы әлі күнге дейін табылған жоқ.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button