Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қытай санкцияға сүйеніп, Ресейге жіберілетін жүктерді бұғаттай бастады

БЕЙЖІҢ. 24 наурыз. Қытай логистикалық компаниясы Ресейге жөнелтілгелі тұрған жүктерді бұғаттауды қолға алды. Бұл туралы шетел ақпарат құралдарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қытайдың өте ірі логистикалық компаниясы санкцияны алға тартып, РФ-ға жөнелтілетін жүктерді тиеуді кілт тоқтатқан.

Шолушылар мұның ҚХР төрағасы Ши Дзиңпиң РФ президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге барып қайтқаннан кейін ұзамай басталып кеткеніне назар аударып отыр.

Baza-ның өз мәнбесіне сүйеніп жазуынша, Қытайдың аса ірі OOCL Logistics логистикалық компаниясы өз қоймаларынан Владивостокқа баратын киім-кешектерді тиеуден бас тартқалы бері бұл елден тауар алу Ресей үшін үлкен проблемаға айналған.

Қазіргі таңда Ресейге арналған тауарлар Шанхай мен Шэньчжэндегі қоймаларда тұрып қалған.

Бұған дейін ресейлік клиенттердің аталмыш компаниямен жұмысында ешқандай кілтипан болмайтын-ды.

Бір қызығы, Қытай көсемі Щи Дзиңпиң Мәскеуге барып, Ресей диктаторы Владимир Путинмен кездесіп қайтқаннан кейін көп ұзамай компания РФ-ға баратын жүктерді тиеуден бас тартып шыға келген. Демек, екі лидердің кездесулері оншалықты сәтті бола қоймаған сияқты.

Еске сала кетейік, Қазақстан 1 сәуірден бастап Ресейге жіберілетін параллель импортты күрт шектегелі отыр. Енді Қазақстанға кірген тауар соңғы барған жеріне дейін ұдайы онлайн-бақылауда тұрады.

Бұдан бұрын республика билігі РФ-мен арадағы қарым-қатынас өрісін тарылтуға ниетті екенін бірнеше рет ескерткен болатын.

Бұдан бөлек, наурыз айының басында Түркия санкция салдарынан РФ-ға жөнелтілетін жүктерді кедендік рәсімдеуден өткізуді тоқтатқан еді.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button