Щи Дзиңпиң Путинге келіссөзден соң билікте қалуына көмектесуге уәде берді
МӘСКЕУ. 20 наурыз. Бүгін Мәскеуге ұшып келген Қытай төрағасы Щи Дзиңпиң РФ президенті Владимир Путинге билікте қалуына көмектесетінін айтты. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қытай басшысы Кремльдің билеушісіне оның Украинамен бейбіт келіссөз жүргізуге дайын екенін білдірген мәлімдемесін тыңдағаннан кейін билікті сақтап қалуына көмектесуге уәде берді.
ҚХР төрағасы Щи Дзиңпиң Украинамен бейбіт келіссөз жүргізуге «ашық» екенін баяндағасын Путиннің 2024 жылғы сайлаудың қорытындысында жеңіске жетіп, Кремльдегі билігін сақтап қалатынына сенім білдірді.
«Мен сіздердің елдеріңізде келесі жылы кезекті президент сайлауы өтетінін білемін. <…> Сіздің жақсы бастамаларыңызда Ресей халқының сізге қолдау көрсететініне сенімдімін», – деді Щи олардың қандай бастамалар екенін ашып айтпай, бірақ соғысты меңзеп тұрмаса керек.
Қытай көсемі бұдан әрі Ресейдің «Путиннің арқасында» соңғы жылдары «табысқа жету мен гүлдену ісінде айтарлықтай прогреске жеткенін» қосып қойды.
Путин осы кездесуде Щи жолдаспен келіссөзді бастай отырып, Ресейдің Украинамен соғыстың бас жағында келіссөз процесін жүргізуге «ашық» болғанын және Қытайдың бейбіт келісім жоспарына «құрметпен қарайтынын» атап өтті.
Аталмыш құжатта Бейжің Мәскеуді ең алдымен барлық елдердің егемендігін құрметтеп, халықаралық заңдарды сақтауға, соның ішінде БҰҰ жарғысы талаптарын орындауға шақырады.
Алайда коммунист Щи Путинмен келіссөз барысында оның билігін қалай сақтап қалатынын ашып айтпады. Гаага Халықаралық қылмыстық соты бұдан үш күн алдын жазып берген ордерін кері қайтып алайын деп отырған жоқ. Гааганың бас прокуроры Карим Хан РФ диктаторына қатысты шешімнің өмірлік болып қала беретінін мәлімдеді. «Путиннің Украинада жасаған соғыс қылмыстарында «мерзімі өтіп кеткендік» статусы болмайды», деп баяндады ол.
Демек, ерте ме, кеш пе, Гаага Путинді қолға түсіріп, сот жүзінде тиісті жазасын береді.