Хабаровскіде тұратын бір әйел Украина армиясына қаржы жіберген (видео)
МӘСКЕУ. 13 наурыз. Ресейдің Хабаровск қаласында тұратын бір әйел Украина Қарулы күштеріне өзіңің жеке жинаған қаржыларын жібергені үшін құқық қорғаушылардың шеңгеліне түсті. Бұл туралы ресейлік және украин сайттарының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Хабаровскінің тұрғыны мемлекетке сатқындық жасағаны үшін ұсталды. Оған 20 жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр», – деп жазады Dvhav.ru
Ресей федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Украина Қарулы күштерін қаржыландырған Хабаровскіде тұратын әйелді қамауға алды. Белсендінің аты-жөні айтылып отырған жоқ.
Ресейде Путин тұтандырған соғыста Украинаны қолдайтын «халық жауларын» аулау кезеңі қызу жүріп жатыр.
Ресейдің Қиыр Шығысында Украинаға бүйректері бұратын адамдарды ұстау басталып кетті, деп атап өтті «Диалог.ua»
ФСБ қызметкерлері Хабаровск тұрғынын тура көше бойында ұстап, машинаға мінгізіп, тергеуге салу үшін әкетті.
Арнайы қызметтің мәліметі бойынша, «күдікті Ресейді саяси тұрғыда жеккөрушілік пен жаулықтың себебімен өзінің жеке ақша қаражаттарын қару-жарақтар, оқ-дәрілер және әскери киімдер сатып алулары үшін Украина Қарулы күштеріне аударып жіберген.
Енді оған Ресей Қылмыстық істер кодексінің 275-бабы (мемлекеттік сатқындық) бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Комсомольск қаласының РФ Қорғаныс министрлігінің әскери нысандары турасында Украина барлауына мәліметтер бермек болған тұрғынын ұстаған еді. Ол Путиннің соғысы жөнінде жұрт алдында: «Агрессор – РФ, біз бейбіт қалаларды бомбылап жатырмыз» деген баға бергер болатын.
Әскери тілші Андрей Цаплиенконың атап өткеніндей, Қиыр Шығыста Украина үшін іштері жылып тұратын адамдар аз емес. Бәлкім, бұл осы аймақта әр уақытта келген украин перелендерінің көптігінен де шығар.
ФСБ қызметкерлері қазір бұл жақта шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың қызметкерлерінің шетелдік паспорттарын алып қойып, шетелдерге шығуға тыйым салып жатыр.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.