Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Зеленьский: Оккупанттар Бахмуттың түбінде 1 100 адамынан айырылды

КИЕВ. 13 наурыз. Украина президенті Володимир Зеленьский соңғы аптада Бахмут қаласы үшін ұрыста РФ басқыншыларының 1 100 адамынан өлідей айрылғандарын айтты. Бұл туралы «Украинская правдаға» жүгінген rast.kz хабарлайды.

Украина басшысы мұны кеше жасаған әдеттегідей кешкілік видеоүндеуінде баяндады.

Аптаға да толық жетпейтін уақыт ішінде жау Донецк облысындағы Бахмут қаласы түбінде 1 100 мың әскериінен өлідей, 1,5 солдатынан жаралыдай айрылды, 10-нан аса қару-жарақ қоймалары өртенді.

«Аптаға да жетпейтін уақыт аралығында – 6 наурыздан бері – тек бір ғана Бахмут бағытында ғана Ресей орны толмас шығындарға ұшырады – 1 100-ден аса солдатының көздері жойылды», – деді ол.

Бахмут түбінде жаудың іске аспай қалған техникаларында да есеп жоқ.

«Бахмут – РФ оккупанттарының украин жеріндегі ең соңғы шекара шегі. Солай болып қала береді. Бұдан әрі олар бір қадам да ілгері баспайды», – деді Зеленьский.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button