Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Украинаға келетін батыс қаруының легі «жылғадан өзенге айналады»

ВАШИНГТОН. 8 наурыз. АҚШ пен Еуропа елдерінің Украинаға жіберетін қару-жарақтары тасқыны «өзен болып құйылғалы тұр». Бұл туралы The Economist газетінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Украина өте қуатты, бәрін қамтитын қарсы шабуылға мұқият әрі жан-жақты дайындалып жатыр. Мұны айғақтайтын белгілер көп.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары көктемде Украинаға батыстан келіп түсетін қару-жарақтардың мөлшері айтарлықтай ұлғая түсетінін жазып жатыр. Мұның Украина Қарулы күштерінің оккупанттарға жаңа соққы беруге дайыындалып жатқанымен тікелей байланысы бар.

The Economist басылымы атап өткендей, батыс қаруының тасқыны сол кезде «жылғаның көлемінен өзеннің ауқымына айналып кетеді», сондай-ақ украин солдаттарын оқытып, үйрету толық сипатында жүрігізіледі.

Ақпанның аяғында Құрама Штаттар Украинаға 2 млрд доллар көлеміндегі жаңа әскери көмек көрсететінін жариялады. Бұл елдің әуе шабылуына қарсы жүйесін күшейтуге көмектесіп, жауынгерлердің Ресей агрессиясын қайтарудағы қабілеттерін арттырады.

Украинаға қару-жарақ беру көлемін Германия да көбейтті. Тек биылғы қаңтар айында ғана Берлин өткен жылы жалпы жібергендерінің үштен бірін беріп қойды.

Ұлыбритания Киевке беретін қазіргі заманғы танктарының санын бұрын уәде етілген мөлшерден екі есеге ұлғайтатынын мәлімдеді. Францияның құпия жолмен жіберген біраз қарулары қазір оккупанттарға қарсы соғыста үлкен қызмет атқарып тұр.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button