Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерреш Киевке ресми сапармен келді

КИЕВ. 8 наурыз. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерреш бүгін Украинаға ресми сапарын бастады. Бұл туралы украин таблоидтары дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Халықаралық ең беделді ұйым басшысының өкілі Стефан Дюжаррик dpa агенттігі тілшісінің сұрағына жауап бере тұрып, Бас хатшының украин жеріне қадам басқанын растады.

БҰҰ Бас хатшысы Украинаның байтағы – Киев қаласына түнде келіп қонған.

Соғыс басталғалы бері осымен Украинаға үшінші рет келіп отырған 73 жастағы Гутерреш президент Володимир Зеленьскиймен астық келісімін ұзарту жөнінде келіссөз жүргізу үшін кездеспекші екен.

Украина астығын Ресейдің бақылауында тұрған Қара теңіз арқылы экспортқа шығару жөніндегі келісімнің мерзімі 18 наурызда аяқталады. Сондықтан БҰҰ басшысы оны кезекті мәрте созуға көндіргелі отыр.

Бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдары Украинаның астығын әлем нарығына шығару үшін өз әріптестерімен Қара теңіз астық инициативасын созу туралы онлайн-келіссөзді бастап кеткенін хабарлаған болатын.

Бастаманың негізі өткен жылғы шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Түркияның дәлдалдығы арқылы қаланған еді, ал қарашада ол одан әрі жалғасты. Енді соның мерзімі 18 наурызда аяқталады.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу жексенбі күні Анкараның «астық келісімі» ісінің ұзартылуы үшін барлық күшті салатынын мәлімдеді.

Ал Ресей егер өз ауыл шаруашылығы меншік иелерінің мүдделері ескерілетін болса ғана Қара теңіз астық келісімін ұзартуға келісетінін баяндады.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button