25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Макей өлері алдында РФ-ның Беларусьті басып алатынын айтқан

4 Наурыз 2023 16:45
- Жаңалықтар, Қайнар
Макей өлері алдында РФ-ның Беларусьті басып алатынын айтқан
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МИНСК. 4 наурыз. Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей қайтыс боларының алдында Ресейдің келесі басып алатыны белорус елі екенін айтыпты. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары хабарларына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Министр Ресейдің бүкіл елді басып алып, өзіне қаратқалы тұрғанын айтып қалған екен. Ол империялық амбициядағы көсемі бар агрессор-мемлекеттің келесі аннексиялайтын дәулеті Беларусь болатынына ешбір шүбә келтірмеген. Мұны шенеунік өзі жұмбақ жағдайда көз жұмарынан шамалы уақыт бұрын ғана мәлімдеген.

Макей өзінің соңғы жүрекжарды сырларының бірін белорус оппозиционері Павел Латушкомен бөліскенге ұқсайды. Мұны саясаткер кейін «Radio NV»-ға берген сұхбатында баяндайды.

Латушко Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макейдің Финляндия сыртқы істер министрімен кездесуі барысында біраз әңгіменің ашық айтылғанын атап өтеді. Бұлардың соңғысы сол әңгіменің бүге-шігесіне дейін айтып берген екен.

Суоми өкілі кездесу үстінде Макейдің жүзінен қатты толқып, жүйкесі сыр беріп отырғаны байқалғанын алға тартыпты. Латушко бұған Владимир Макейдің 2015-2016 жылдары елші болып істеп жүргенінде әлденеше рет Александр Лукашенконы қолдауға шақырған сөздер айтқанын қосып қойды. Марқұм министр сол кезде тек Лукашенконың ғана Беларусь егемендігінің кепілі екенін, егер ол болмаса, Ресейдің елді басып алатынын айтқан көрінеді.

«Диалог.UA» хабарлағандай, 64 жастағы Владимир Макей 2022 жылғы 26 қараша күні кенеттен, күтпеген жерден қайтыс болып кеткен. Соған дейін министр ҰҚШҰ (ОДКБ) ішінде проблемалардың бар екенін ескертіп өткен екен.

Еске сала кетейік, депутат Александр Гончаренко сол кезде министр Макейдің өлімі Путиннің Лукашенкоға жасаған ең соңғы ескертуі екенін мәлімдеген болатын.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады

Таңбалар: агрессияБеларусьВладимир МакейРесей

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist