26 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Стрелков наурыз айында РФ-ның Днестрден қуылып шығатынын айтты

25 Ақпан 2023 20:31
- Жаңалықтар, Тіршілік
Стрелков наурыз айында РФ-ның Днестрден қуылып шығатынын айтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 25 ақпан. РФ ФСБ-ның офицері Игорь Стрелков өте жақын айларда Днестр бойының Ресей оккупанттарынан толық азат етілетініне болжам жасады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

«Наурызда бәрі түгел шешіледі», – деді ол.

Алдағы көктем айларында-ақ Кремльдің Молдова жеріндегі Днестр бойынан (Приднестровье) отау тіккізіп қойған фейк «республикасы» өзінің тіршілік етуін тоқтатады.

«Стрелков» деген лақап фамилиясы бар Игорь Гиркин – Ресей ФСБ-ның қызметкері, әскери қылмыскер, ол Малайзияның «Боинг17» ұшағын атып түсіруге қатысқан төрт адамның бірі ретінде Амстердам соты арқылы жаза алған, өзін өзі жариялаған ДХР мен ЛХР дегендердің «қорғаныс министрі» болған. Кейінгі кездері Ресейдің соғыстағы тактикасын, Путин мен қорғаныс министрлігінің қателіктерін ұдайы сынға алып келеді.

«Днестр бойы республикасы» дегеннің құлайтынын Стрелков 24 ақпан күні өзінің жеке Telegram-каналына берген сұхбатында айтты.

«Тирасполь төңірегіндегі ахуал тағы да қауырт шиеленісе түседі. Сіздер білетіндей, Молдовада үкімет шұғыл ауыстырылды, оның басына Днестр бойынан Ресейдің әскери контингентін тез арада шығару керектігін мәлімдеп жүрген айқын да ашық қаршығалар келді. Мен Молдова жақын арада РФ-дан әскерлерін шығаруды талап етіп, оның мерзімін белгілейді және осыған байланысты әлдеқандай бір келісім жасалады деп ойлаймын. Бұдан арғысының бәрі техникалық сәттер болады. Наурыз айының аяғына дейін, тіпті оған жетпей-ақ Днестр бойының мәселесі шешіледі деп ойлаймын. Мен үшін мұның бәрі ауыр… мен сол жақта соғысқанмын», – деп мәлімдеді соғыс қылмыскері.

Айта кетуіміз керек, Мәскеу қазір Днестр бойының маңындағы ахуалды өте белсенді түрде ушықтырып бағып жатыр. Осыған орай Украина Қарулы күштері деоккупация жасау мақсатында мойындалмаған «республиканың» жанына әскерін шоғырландырып жатыр-мыс деген жалған ақпар таратуда. Тіпті бұл фейктердің дүрмегіне РФ сыртқы істер министрлігі де қосылып кетті.

Мәскеу от тастағысы келіп отырған бұл жанжалға орай түсіндірме берген Киев Молдованың территориялық тұтастығын құрметтейтінін, осыған байланысты оның территориясында өз бетінше әлдеқандай бір соғыс операцияын жасай қоймайтынын айтып сендірді.

Таңбалар: Днестр бойыРесей армиясыСтрелков

Ұқсас мақалалар

Ресей армиясы қазір күніне 300 адамынан өлідей айырылып жатыр
Жаңалықтар

Ресей армиясы қазір күніне 300 адамынан өлідей айырылып жатыр

10.06.2026
The Sunday Times: Ресей армиясында адам етін жеушілер табылды
Жаңалықтар

The Sunday Times: Ресей армиясында адам етін жеушілер табылды

26.04.2026
Ресей армиясында бүлік шықты: солдаттар әскер сапынан кетуде
Жаңалықтар

Ресей армиясында бүлік шықты: солдаттар әскер сапынан кетуде

19.06.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist