Кремль Путиннің АҚШ-пен ядролық келісімді бұзғанын жоққа шығарды
МӘСКЕУ. 22 ақпан. РФ сыртқы істер министрлігі кеше Путиннің АҚШ-пен ядролық келісімнің біржақты тоқтатылғаны жайлы мәлімдемесін жоққа шығарды. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары бұған байланысты «Кремль артқа шегінді», яғни «арты тұрмады» деп жазып жатыр. Мұны Ресейдің сыртқы істер ведомствосының артынша бәрін жуып-шайып, тігісін жатқызып, түсіндіруге тырысып баққанына қарай қозғады.
«РФ диктаторы Владимир Путин 21 ақпанда өзінің Федералды жиналысқа жолдауы барысында АҚШ-пен Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды қысқарту және шектеу жөніндегі бірлескен келісімшарттың (СШҚК) тоқтатылатынын жариялады. Бірақ арада небәрі екі сағат уақыт өткеннен кейін-ақ РФ сыртқы істер министрлігі оның мәлімдемесін іс жүзінде сол қалпы түгел дерлік жоққа шығарды. РФ сыртқы саясат ведомствосы өзінің Facebook-тегі аккаунтында ядролық келісімнің бұзылғаны шындыққа жанаспайтынын айтып түсіндірді», – делінген хабарламада.
Бажайлап қарағанда, диктатордың әлемді кезекті мәрте қорқытып-үркітпек болып тұрып, шектен шығып кеткенін сезбей қалғаны байқалады.
Ресей сыртқы істер министрлігі Кремльдің тұрақтылықты сақтау мақсатында келісімшарттың барлық тармақтарын бұлжытпай орындайтынына сендірді. Әңгіме құжатта атап көрсетілген ядролық оқтұмсықтардың «санын шектеу» жайында болып отыр.
«Ресей тарапы алдағы уақытта да Америка тарапымен тиісті келісімнің негізінде ҚБР (құрлық аралық баллистикалық ракета) және СҚБР (сүңгуір қайықтардағы баллистикалық ракета) ұшыру жөнінде пікір алмасуға қатысып тұрады», – дегенді қосты бұдан әрі РФ министрлігінлегілер.
Былайша айтқанда, диктатордың келісімді тоқтату жөніндегі қыр көрсетуі жай бос сөз болып шықты.
Айта кететін жайт, РФ бұдан бұрын да аталмыш құжаттың шарттарын толық дәрежеде орындай бермейтін еді. Осыған байланысты Вашингтонмен арада айтарлықтай келіспей қалушылық орын алып тұратын.
Келісімді тоқтату жөніндегі мәлімдемеден кейін Кремльде орын алған жанжал жайлы ресейлік «Сеятель ветра» тelegram-каналы хабар берді. Ол болған жайтты «масқара» деп атады. «Құдай-ау. Мынау қандай масқара… Иә, Путин алдымен аяғымен таптады, үркітті, қорқытты, ал сосын артынша бұлар «жоқ-жоқ, олай емес, сіздер біздің жарымеске назар аудармаңыздар, ол мұны шындап емес, ойнап айтты» деп түсіндіруге жанталаса асыққан болып шықты ғой. Ең дұрысы, СШҚК хақында мүлде ойға алып қажеті жоқ еді ғой. Сол кезде ұят дәл мынадай болмас еді», – деп жазды ресурс.
Журналист Юлия Латынина Twitter-де диктатор Ресейге батыс инвесторларын жібермеу үшін бәрін жасап бақты деген болжам білдірді. Бұдан бірқатар уақыт бұрын ол Путинді майдан даласындағы шын ахуалды өз кескін-келбетінше білмейді деп айыптаған еді. «Сіздер білесіздер ме, Путин неге ядролық келісімшарттан шыққысы келеді? Себебі, бұл құжат ядролық шахталарға инспекция жасап тұруды қарастырады. Егер АҚШ сол тәртіппен Ресей шахталарына инспекция жасайтын болса (Путин оларды олай қарай жібермейді), бүкіл әлем онда ұша алатын… тылақтың да жоқ екенін біліп қояр еді», – деп жазды журналист.
РФ диктаторының кешегі мәлімдемесінің кезекті бопса екенін көп адам бірден түсінді.