26 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Одессадағы кафеде украин тілінде қызмет көрсетілмеуінен дау шықты

17 Ақпан 2023 23:20
- Әлеумет, Жаңалықтар
Одессадағы кафеде украин тілінде қызмет көрсетілмеуінен дау шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ОДЕССА. 17 ақпан. Украинаның Одесса қаласындағы кафеде келушілерге украин тілінде қызмет көрсетуден бас тартылғаннан кейін жанжал туды. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.

Одессадағы тамақтандыру орындарының бірінде келуші әйелге украин тілінде қызмет көрсетуден бас тартылды. Қоғамдық тамақтандыру орнының қожайыны клиентпен тіл жөніндегі жанжалға өзі келіп килікті.

Ашуланған келуші содан бастап барлық әңгіме мен сюжетті видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салды. Онда «Cafe de Fleur» кафесінің егесі өзі залға арнайы келіп, клиент әйелге мекемесінен қуып шығатынын мәлімдейді. Ол өзінің украинша сөйлеуден бас тартуын бұл тілді нашар білетінімен түсіндіреді.

Оның айтуынша, бұл жер – өзінің жеке меншігі, демек, мұнда украин тілінде қызмет етіп керегі жоқ.

«Мен сізге қызмет көрсетуден де бас тарта аламын. Мен кафенің қожайынымын», – деді меншік иесі украин тілінде сөйлеуді өтінген әйелге.

Қожайын өзінің мектепте орысша оқығанын алға тартты. Айтқандай, кадрдан кафедегі ас мәзірінің де орыс тілінде жазылғаны көрініп тұр.

Осыдан кейін кафенің егесі мен қызметшілері әйелге бұл жерден кетуді ұсынды, себебі, енді оны жабатын уақыт болып қалыпты-мыс. Бірақ табанды клиент бірден кете қоймады, ол сол жерде тұрып полиция шақыртты, ал олар келгеннен кейін шағым жазып берді.

Кейін бұл оқиғаға Одесса облысындағы тіл жөніндегі омбудсмен Ярослава Витко-Присяжнюк баға берді. Ол Украинаның «Мемлекеттік тіл ретіндегі украин тілінің қолданысын қамтамасыз ету туралы» Заңының 30-бабында елде қызмет ету түрлерінің мемлекеттік тілде жүргізілетіні айтылғанын атап өтті. «Мұны бұзушыларға әкімгершілік жаза қолданылады. Ал мемлекеттік тілде қызмет етуді өтінген клиентті мекемеден қуып шығу бұл заңнаманың жай ғана бұза салудан да асқан тәртіп бұзушылық. Мен кафенің қожайыны қоғамның бұған қатысты реакциясын толық сезінді ғой деп ойлаймын», – деді ол.

Оның айтуынша, Мемлекеттік тілді қорғау жөніндеггі уәкілдіктің хатшылығы бұл инцидентті жайдан-жай қалдыра алмайды.

«Біз қазірдің өзінде тікелей тәртіп бұзушы жөнінде тиісті шараларды қабылдап жатырмыз. Оның нәтижесін таяу арада хабарлаймыз», – деп сендірді омбудсмен.

Еске сала кетейік, аталмыш кафеде 10 ақпан күні 5 адамның уланып қалғаны белгілі болды. Кейінірек оның тұрып қалған балық пен жұмыртқадан болғаны анықталды.

Омбудсмен мемлекеттік тілді аяқ асты еткен «Cafe de Fleur» кафесінің лицензиясы алынып, өзі жабылып қалуы да мүмкін екенін айтты.

Таңбалар: кафеОдессаУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist